Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства на 2016 год

Қаулы · № 324 · қабылданған 18.10.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-ekb-107306/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О некоторых вопросах субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства на 2016 год Қолданыста Қаулы ·№ 324 ·18.10.2016
18.10.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства на 2016 год

Қолданыста Қаулы ·№ 324 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства на 2016 год
Атауы (қаз.)
Өсімдік шаруашылығының шығымдылығы мен өнім сапасын арттыруды 2016 жылы субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
324
Қабылданған күні
18.10.2016
Көрсетілген редакция
18.10.2016 107306_119755.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16V0004724
ЭКБ идентификаторы
107306
Редакция идентификаторы
107306_119755
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:30

0 Өсімдік шаруашылығының

шығымдылығы мен өнім сапасын
арттыруды 2016 жылы субсидиялаудың
кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына, 11-бабы 2-тармағының
5) тармақшасына сәйкес, «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11094) бұйрығын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 4-4-12/14144-1 хаты негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі;
2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың 2016 жылға арналған нормалары (1 гектарға) белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.М. Мусинге жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 2016 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы «18» қазандағы
№ 324 қаулысына
1 қосымша
2016 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі
р/с

Басым ауылшаруашылық дақылдарының атауы
1
Жаздық бидай
2
Күздік бидай
3
Күздік қара бидай
4
Қарақұмық
5
Тары
6
Арпа
7
Сұлы
8
Дәнді-бұршақты дақылдар
9
Майлы дақылдар (күнбағыс, сафлор, зығыр, жаздық рапс, күздік рапс, қыша, арыш, қытай бұршақ)
10
Картоп
11
Көкөніс және бақша дақылдары
12
Қорғалған топырақта өсірілетін көкөністер
13
Ағымдағы жылы егілген көпжылдық шөптер
14
Бірінші, екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
15
Біржылдық мал азығы дақылдары
16
Судан шөбі
17
Сүрлемдік жүгері және күнбағыс

5 Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың 2016 жылға арналған нормалары (1 гектарға)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы «18» қазандағы
№ 324 қаулысына
2 қосымша
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың 2016 жылға арналған нормалары (1 гектарға)
р/с

Басым ауылшаруашылық дақылдары
1 гектарға субсидиялар нормасы,
теңге
1
Дәнді дақылдар (жаздық бидай, күздік қара бидай, күздік бидай)
600
2
Жемдік дақылдар (арпа, сұлы)
3000
3
Жарма дақылдары (қарақұмық, тары)
5000
4
Бұршақ дақылдары (асбұршақ, аңқа)
3000
5
Сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс
4000
6
Судан шөбі
3000
7
Біржылдық мал азығы дақылдары (жемшөпке арналған дәнді және майлы дақылдар)
2000
8
Ағымдағы жылы егілген көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер
3000
9
Суармалы жерде ағымдағы жылы егілген көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер
6000
10
Екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер
1500
11
Суармалы жердегі екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер
3000
12
Ағымдағы жылы егілген көпжылдық астық тұқымдас шөптер
3000
13
Суармалы жерде ағымдағы жылы егілген көпжылдық астық тұқымдас шөптер
4000
14
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін егілген (оның ішінде өткен жылғы күзде) бiрiншi, екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы көпжылдық шөптер (тек қана көнежастағы егістікті жырту ескеріледі)
3000
15
Суармалы шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін егілген көпжылдық шөптер (тек қана көпжылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі)
6000
16
Майлы дақылдар (күнбағыс, сафлор, зығыр)
3500
17
Рапс, арыш, қыша
7000
18
Қытай бұршақ
15000
19
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерiн қолданып өсiрiлетін қытай бұршақ
30000
20
Көкөністер
60000
21
Бақша дақылдары
15000
22
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерiн қолданып өсiрiлетін көкөніс және бақша дақылдары, картоп
150000
23
Өнеркәсіптік үлгідегі қорғалған топырақта өсірілетін көкөністер (екі дақыл айналымына арналған)
4500000
24
Фермерлік үлгідегі қорғалған топырақта өсірілетін көкөністер (екі дақыл айналымына арналған)
3000000
25
Картоп
60000

Қолданыстағы