Об установлении объема субсидий по районам и городам на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении объема субсидий по районам и городам на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға аудандар және қалалар бойынша субсидиялар көлемдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 289
- Қабылданған күні
- 10.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2017 AI107595_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16U0003875
- ЭКБ идентификаторы
- 107595
- Редакция идентификаторы
- AI107595_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:18
0 2016 жылға аудандар және қалалар бойынша субсидиялар көлемдерін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудандар және қалалар бойынша:
Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау көлемі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес; ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау көлемі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 169 "Аудандар және қалалар бойынша субсидиялар көлемдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3219 болып тіркелген, 2015 жылы 26 маусымда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2 2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А. Сатыбалдыға жүктелсін.
Облыс әкімі
Ж.Түймебаев
Д.А.Сатыбалды
Е.А.Әлімқұлов
Ж.Қ.Бөкенбаев
Е.Ә.Садыр
Ұ.Сәдібеков
С.Қ.Тұяқбаев
Р.Ж.Мүлкеманов
К.Н.Мендебаев
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы "10"
қарашадағы
№ 289 қаулысына 1 қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі
қ/с
Қала, аудандар атауы
Межеленген егістік ауданы, мың гектар
Субсидия көлемі, мың теңге
1
Арыс
4,8
117 489,5
2
Бәйдібек
16,5
131 063,549
3
Қазығұрт
13,9
134 089,15
4
Мақтарал
105,3
2 444 004,771
5
Ордабасы
16,8
301 402,48
6
Отырар
9,9
216 372,43
7
Сайрам
0,0
14 511,8
8
Сарыағаш
15,9
296 088,3
9
Созақ
1,9
26 583,25
10
Төлеби
6,6
47 927,0
11
Түлкібас
12,5
84 560,0
12
Шардара
36,0
826 556,34
13
Түркістан
26,3
530 384,3
14
Шымкент
3,3
32 456,13
15
Кентау
0,5
12 504,0
Барлығы:
270,2
5 215 993,0
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы "10" қарашадағы
№ 289 қаулысына 2 қосымша
Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау көлемі
қ/с
Қала, аудандар атауы
Межеленген егістік ауданы, гектар
Субсидия көлемі, мың теңге
1
Арыс
1,75
2 625,0
2
Бәйдібек
0,5
750,0
3
Қазығұрт
33,15
53 546,14
4
Мақтарал
25,75
38 631,405
5
Ордабасы
25,45
85 853,55
6
Отырар
2,08
3 112,5
7
Сайрам
8,45
15 196,5
8
Сарыағаш
330,3
495 443,48
9
Созақ
0,0
0,0
10
Төлеби
5,29
17 108,55
11
Түлкібас
0,32
486,0
12
Шардара
0,7
1 050,0
13
Түркістан
14,68
56 692,825
14
Шымкент
115,35
279 722,05
15
Кентау
2,19
3 285,0
Барлығы:
565,96
1 053 503,0