Об определении сроков предоставления заявки на субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте на 2016 год по Акжаикскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявки на субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте на 2016 год по Акжаикскому району
- Атауы (қаз.)
- Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 423
- Қабылданған күні
- 16.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2016 107654_122889.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ZB004598
- ЭКБ идентификаторы
- 107654
- Редакция идентификаторы
- 107654_122889
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:16
0 Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға
басым дақылдар өндіруді субсидиялау
арқылы өсімдік шаруашылығының
шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды,
жанар-жағармай материалдарының және
көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу
үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын және ауыл
шаруашылығы дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру шығындарының
құнын субсидиялауға арналған өтінімді
ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қосымшаға сәйкес Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2 2. «Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Сердалин) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Абуғалиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Ақжайық ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «16» қарашадағы
№ 423 қаулысына қосымша
Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді
ұсыну мерзімдері
№
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері
Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері
1
Көкөніс- бақша дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда)
16 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін
2
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөніс-бақша дақылдары
16 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін
3
Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары
16 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін
4
Көп жылдық және бір жылдық шөптер (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда)
16 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін
5
Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарында
16 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін
6
Күнбағыс және сүрлемдік жүгері
16 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін