Об определении сроков предоставления заявки для включения в список получателей субсидии по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур в 2016 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявки для включения в список получателей субсидии по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур в 2016 году
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 380
- Қабылданған күні
- 28.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2017 107858_125144.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16UO003892
- ЭКБ идентификаторы
- 107858
- Редакция идентификаторы
- 107858_125144
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:09
0 2016 жылға субсидияланатын
басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының әрбір түрі бойынша
субсидия алушылардың тізіміне
қосуға өтінім беру мерзімдерін
айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10 тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11094 тіркелген), Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Шардара ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын:
2 2) осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Жолдыбайға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 3 қазанынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
7 Шардара аудан әкімдігінің
2016 жылғы 28 қарашадағы
№380 қаулысына қосымша
2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері
№
Басымды ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Өтінімді қабылдау мерзімдері
1.
Дәндік жүгері
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін
2.
Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс)
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін
3.
Мақта
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін
4.
оның ішінде: өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген мақта
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін
5.
Картоп
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін
6.
Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін
6.1.
Өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суғару әдісін қолдана отырып өсірген көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін
7.
Бірінші жыл егілген жем шөптік көп жылдық дақылдар
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін
8.
Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін
9.
Фермерлік жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін