Об определении сроков представления заявки на получение субсидий на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков представления заявки на получение субсидий на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 226
- Қабылданған күні
- 11.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 11.11.2016 108014_126183.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.11.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NP006723
- ЭКБ идентификаторы
- 108014
- Редакция идентификаторы
- 108014_126183
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:18
0
2016 жылға арналған басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған Науырзым ауданы бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тiзiмiне қосу үшін ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 20 маусымнан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
4 Әкімдіктің
2016 жылғы «11» қарашадағы
№ 226 қаулысына қосымша
2016 жылға арналған Науырзым ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдері
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері
Субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдері
1
Жаздық жұмсақ бидай
20 маусымнан 9 қыркүйекке дейін
2
Жаздық қатты бидай
20 маусымнан 9 қыркүйекке дейін
3
Сұлы, арпа
20 маусымнан 9 қыркүйекке дейін
4
Тары, қарақұмық
20 маусымнан 9 қыркүйекке дейін
5
Мақсары
20 маусымнан 9 қыркүйекке дейін
6
Картоп
20 маусымнан 9 қыркүйекке дейін
7
Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс
20 маусымнан 9 қыркүйекке дейін
8
Бақша дақылдары
20 маусымнан 9 қыркүйекке дейін
9
Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
20 маусымнан 9 қыркүйекке дейін
10
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер
20 маусымнан 9 қыркүйекке дейін