Об определении целевых групп населения в 2016 годуКүшін жойған21.04.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of
replacing it: speech control matches what a person can read on the
button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same
way. #}
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
02016 жылы халықтың нысаналы
топтарын анықтау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылы халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата–ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата–аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші –жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
15
16) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан тұлғалар;
17) егер оларға лайықты жұмыс болмаған жағдайда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
18) емдеу және оңалту курстарынан өткен есірткіге тәуелді адамдар анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Скарединаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
ЖИ-көмекші
Заңгер таңдап, заң бойынша не маңызды екенін айтамын