Об организации оплачиваемых общественных работ в 2016 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации оплачиваемых общественных работ в 2016 году
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 240
- Қабылданған күні
- 16.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2015 96301_35853.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NO006048
- ЭКБ идентификаторы
- 96301
- Редакция идентификаторы
- 96301_35853
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:36
0 2016 жылы ақы төленетін қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері бекітілсін.
2 2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақысы нақты орындалған жұмыстар үшін, 2016 жылға белгіленген ең төменгі айлық жалақының 1,25 мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
3
3. Еңбекке төленетін ақы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде әлеуметтік салықты, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдеріне, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға тиесілі жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетіні айқындалсын.
4 4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен тізбеде белгіленген ұйымдар арасындағы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген шарттарда жүргізілсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С. В. Швыдченкоға жүктелсiн.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
7 Әкімдіктің
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 240 қаулысымен
бекітілген
2016 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемі мен нақты жағдайлары
№
Ұйымдардың атауы
Жұмыстардың түрлері
Жұмыстардың көлемi (сағат)
Қоғамдық жұмыстардың жағдайлары
1
2
3
4
5
1.
«Меңдіқара ауданы Алешин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек
5040
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді ескере отырып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен
2.
«Меңдіқара ауданы Борков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек
5040
3.
«Меңдіқара ауданы Буденный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек
4032
4.
«Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек
5040
5.
«Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек
5040
6.
«Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек
4736
7.
«Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек
5408
8.
«Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек
8112
9.
«Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек
8064
10.
«Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек
6560
11.
«Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек
7104
12.
«Меңдіқара ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек
4736
13.
«Боровское ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек
63000
14.
«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін құжаттарды өңдек бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек
1968