Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Риддера на 2016 год
Күшін жойған
Қаулы
№ 1152
18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Риддера на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылғы Риддер қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1152
- Қабылданған күні
- 26.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 21.04.2016 96330_71965.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VD004256
- ЭКБ идентификаторы
- 96330
- Редакция идентификаторы
- 96330_71965
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:26
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0 2016 жылғы Риддер қаласының
аумағында тұратын халықтың
нысаналы топтарын
анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға Риддер қаласының аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
12) жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке
тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;