Об утверждении перечня заемщиков по гарантированным государством займам, расходы на погашение и обслуживание которых предусмотрены в республиканском бюджете на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня заемщиков по гарантированным государством займам, расходы на погашение и обслуживание которых предусмотрены в республиканском бюджете на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылғы республикалық бюджетте өтеуге және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстары көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 673
- Қабылданған күні
- 21.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2015 97027_38914.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012658
- ЭКБ идентификаторы
- 97027
- Редакция идентификаторы
- 97027_38914
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:55
0 2016 жылғы республикалық бюджетте өтеуге және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстары көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 220-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2016 жылғы республикалық бюджетте өтеуге және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстары көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті (А.С. Исенов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сонда-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық кіріспе құқығында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
7 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 ж. 21 желтоқсан № 673
бұйрығымен бекітілген
2016 жылғы республикалық бюджетте өтеуге және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстары көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесі
1.«Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» акционерлік қоғам.
________________________________________