Құжат мәтініне өту

Об организации оплачиваемых общественных работ в 2016 году

Қаулы · № 3631 · қабылданған 30.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-ekb-97121/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об организации оплачиваемых общественных работ в 2016 году Күшін жойған Қаулы ·№ 3631 ·30.12.2015
18.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации оплачиваемых общественных работ в 2016 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 3631 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации оплачиваемых общественных работ в 2016 году
Атауы (қаз.)
2016 жылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3631
Қабылданған күні
30.12.2015
Көрсетілген редакция
18.02.2016 97121_239055.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NA006119
ЭКБ идентификаторы
97121
Редакция идентификаторы
97121_239055
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:21

0 2016 жылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған 2016 жылы жұмыссыздарға ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін.

2 2. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақысы жергілікті бюджет қаражатынан нақты жұмыс істеген уақыт үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі жалақының екі есе мөлшерінде белгіленсін.

3

3. «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісінің негізінде жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақысына, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарына, әлеуметтік салыққа, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдеріне, жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтері үшін комиссиялық сыйақыға жұмсалатын шығындарын өтесін.

4 4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру уәкiлеттi орган мен қаулыға қосымшада белгіленген ұйымдар арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген талаптар бойынша жүргізілсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

7 Қостанай қаласы әкімдігінің

2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№3631 қаулысымен бекітілген
2016 жылы жұмыссыздарға ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері

Ұйымдардың атауы
Жұмыс түрлері
Жұмыс көлемі,
сағатпен
Жұмыстардың нақты жағдайлары
Еңбегіне төленетін ақының мөлшерлері мен оларды қаржыландыру көздері
1
2
3
4
5
6
1
«Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің спорт сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін аумақтарды абаттандыруға көмек көрсету.
1280
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шектеулерді ескере отырып, екі демалыс күні, бір сағаттан кем емес түскі ас үзілісі бар қоғамдық жұмыстардың бір қатысушысының жұмыс аптасының ұзақтығы - аптасына 40 сағаттан аспайды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен нақты жұмыс істеген уақыт үшін тиісті қаржы жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі жалақының екі есе мөлшері
2
«Қостанай қаласы Әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қалалық мәдениет және демалыс паркі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін орталық сквер, қалалық жағажай және тобыл жанындағы парктің оңтүстік бөлігі аумағын абаттандыру жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету
27240
3
«Қостанай облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі
Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін әр түрлі құжаттарды ретту бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету
27240
4
«Тазалық-2012» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін қала аумағын абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету
52560
5
«Помощь» қоғамдық қоры
Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін жүре біткен иммундық тапшылық синдромының профилактикасы бойынша әлеуметтік жұмыс жүргізуге көмек көрсету
18160
6
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік мекемесі «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Қостанай облыстық инспектурасы»
Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету
3328
7
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін әр түрлі құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету
5448

Қолданыстағы