Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2016 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2016 году
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 11.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2015 97387_41324.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CG004655
- ЭКБ идентификаторы
- 97387
- Редакция идентификаторы
- 97387_41324
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:05
0 2016 жылы әскерге шақыру
учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру
және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 «Әскери міндеттілері мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қобда ауданының әкiмі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде «Ақтөбе облысы Қобда ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1999 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Қобда ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2
2. «Ақтөбе облысы Қобда ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, тіркеу қорытындысы туралы 2016 жылдың 10 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.