Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения и дополнительных мерах по социальной защите граждан Лебяжинского района на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения и дополнительных мерах по социальной защите граждан Лебяжинского района на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға арналған Лебяжі ауданында әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар мен халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 276/12
- Қабылданған күні
- 24.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2016 97672_83974.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PI004891
- ЭКБ идентификаторы
- 97672
- Редакция идентификаторы
- 97672_83974
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:39
0 2016 жылға арналған Лебяжі ауданында
әлеуметтік қорғау бойынша қосымша
шаралар мен халықтың нысаналы
топтарына жататын тұлғалардың
қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған Лебяжі ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған халықтың нысаналы топтарындағы тұлғаларды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгіленсін.
3 3. «Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды жүзеге асырсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 2016 жылға арналған Лебяжі ауданының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі
Лебяжі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 276/12 қаулысына
1- қосымша
2016 жылға арналған Лебяжі ауданының аумағында тұратын,
халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша
тізбесі
2016 жылға арналған Лебяжі ауданының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі:
1 1) дәрігерлік - кеңес комиссиясының анықтамасы бойынша еңбекке
шектеуі бар тұлғалар;
2 2) 50 жастан асқан тұлғалар;
3 3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
4 4) бірде бір мүшесі жұмыс істемейтін отбасынан шыққан жұмыссыз
тұлғалар.
11 2016 жылға арналған халықтың нысаналы топтарындағы тұлғаларды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар
Лебяжі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 276/12 қаулысына
2- қосымша
2016 жылға арналған халықтың нысаналы топтарындағы тұлғаларды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар
2016 жылға арналған халықтың нысаналы топтарындағы тұлғаларды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар:
1 1) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) тұлғаларға қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі олардың зейнеткерлік жасына келуіне дейін ұзартылсын;
2 2) қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі бір жылға дейін белгіленсін:
мүгедектерге;
зейнеталды жасындағы тұлғалардан (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) басқа, дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамалары бойынша еңбекке шектеуі бар тұлғаларға.