Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Зыряновского района на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Зыряновского района на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға Зырян ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 461
- Қабылданған күні
- 18.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2016 98045_110993.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VL004343
- ЭКБ идентификаторы
- 98045
- Редакция идентификаторы
- 98045_110993
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:00
0 2016 жылға Зырян ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Еңбек нарығындағы жағдайды есепке ала отырып, жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдемелерді қамтамасыз ету мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2016 жылға Зырян ауданының аумағында тұратын халықтың мынадай насыналы топтары анықталсын:
1 1) табысы аз адамдар;
2 2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар;
11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14 14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
15 15) зейнеткерлік жасына жетуге дейінгі 50 жастан асқан адамдар;
16 16) мектептердің, кәсіби оқу орындардың түлектері;
17 17) АИТВ-жұқтырғандар, нашақор азаматтар;
18 18) жазғы демалыс кезеңіндегі студенттер мен мектеп оқушылары;
19 19) «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
20 20) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушылары, кәсіптік оқуды аяқтағандар.
2
2. «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Зырян ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жатқызылған адамдарды уақытша жұмыспен қатамасыз етсін және жұмысқа орналастыруға көмек көрсетсін.