Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников по Северо-Казахстанской области на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников по Северо-Казахстанской области на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2016 жылға арналған жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 40/7
- Қабылданған күні
- 14.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2015 98112_43628.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15S0003578
- ЭКБ идентификаторы
- 98112
- Редакция идентификаторы
- 98112_43628
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:03
0 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2016 жылға арналған жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 487-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысының 2016 жылға арналған жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Облыстық мәслихат сессиясының
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 40/7 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысының жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2016 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері
Арнайы су пайдалану түрі
Өзен, көл, теңіз бассейн-
дері
Тұрмыстық-пайдалану және коммуналдық қызметтер (теңге/1000 текше метр)
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда
(1000 текше метр)
Ауыл шаруашылығы
(теңге/1000 текше метр)
Су көздерінен су тартуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
(теңге/1000 текше метр)
Гидроэнерге-
тика
(1000 квт/ сағат)
Су көлігі
(1000 т/км)
Есіл өзенінің бассейні
106,51
295,09
83,81
83,81
29,68
8,73