О некоторых вопросах бюджетных инвестиционных и концессионных проектов на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах бюджетных инвестиционных и концессионных проектов на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 303
- Қабылданған күні
- 20.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2016 98245_156655.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16L0005316
- ЭКБ идентификаторы
- 98245
- Редакция идентификаторы
- 98245_156655
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:02
0 2016 жылға арналған мемлекеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9934 тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілгендер:
1
1) техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған бюджеттiк инвестициялық жобалардың Тiзбесi;
2
2) конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобалардың Тiзбесi;
3 3) «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесі;
4 4) «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесі;
5
5) конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының Тiзбесi бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 20 қаңтар № 303
қаулысымен бекітілген
Техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған бюджеттiк инвестициялық жобалардың Тiзбесi
№
Жобаның атауы
Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу сомасы,
мың теңге
1
2
3
1
Қызылорда қаласындағы ферроқорытпа зауытын сыртқы электрмен жабдықтау
28 356
2
Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы газ тарату желілерінің құрылысы
37 843
3
Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен жабдықтау
80 421
4
«Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы газ тарату желілерінің құрылысы», «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен жабдықтау» бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін мемлекеттік сараптамадан өткізу
4 326
2.«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1
Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жақ жағалау бөлігінде көше-жолдары желісінің құрылысы
198 621
3. «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1
Қызылорда облысының Шиелі ауданында Сырдария өзенінің Күміскеткен учаскесінде суларды жинау үшін су қоймасын салу
1 000
9 Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303
қаулысымен бекітілген
Конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобалардың Тiзбесi
№
Жобаның атауы
Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу сомасы,
мың теңге
1
2
3
1.«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1
Қызылорда қаласы СПМК-70 ауданындағы 200 орындық жатақханасы бар 600 орынға арналған кәсіптік-техникалық лицей құрылысы
1491
2
Қызылорда облысының білім беру жүйесін жетілдіру
1491
3
Қызылорда қаласындағы 500 келушіге арналған емхана құрылысы
1491
10 Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303
қаулысымен бекітілген
«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесі
№
Жобаның атауы
Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді
қаржыландыру сомасы,
мың теңге
1
2
3
1.«Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1
Қызылорда қаласы СПМК-70 ауданындағы 200 орындық жатақханасы бар 600 орынға арналған кәсіптік-техникалық лицей құрылысы
17 626
2
Қызылорда облысының білім беру жүйесін жетілдіру
3 829
2.«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1
Қызылорда қаласындағы 500 келушіге арналған емхана құрылысы
6 029
11 Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303
қаулысымен бекітілген
«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесі
№
Жобаның атауы
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді
қаржыландыру сомасы,
мың теңге
1
2
3
1.«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1
Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу
17 932
12 Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303
қаулысымен бекітілген
Конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының Тiзбесi
№
Жобаның атауы
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу сомасы,
мың теңге
1
2
3
1.«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1
Қызылорда қаласындағы жекпе-жек спорт түрлерінің дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру
1332
2
Қызылорда қаласы Жанқожа батыр көшесінде ауысымына 400 қабылдауға арналған емхананы ашу
1332
3
Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу
1332