Об установлении дополнительного перечня лиц относящихся к целевым группам по Акжаикскому району на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц относящихся к целевым группам по Акжаикскому району на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 532
- Қабылданған күні
- 25.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2016 98400_130462.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ZB004243
- ЭКБ идентификаторы
- 98400
- Редакция идентификаторы
- 98400_130462
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:34
0 Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға
нысаналы топтарға жататын адамдардың
қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың
қосымша тізбесі белгіленсін:
1 1) жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы аз адамдар (отбасылар);
2 2) 50 жастан асқан жұмыссыз әйелдер;
3 3) 55 жастан асқан жұмыссыз ерлер;
4 4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының түлектері;
5 5) он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыз тұлғалар;
6 6) отбасында бірде бір жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
7 7) бұрын жұмыс істемеген жұмыссыз тұлғалар (алғаш жұмыс іздеушілер).
2 2. «Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №70
«Ақжайық ауданы бойынша 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3822 тіркелген,
2015 жылы 3 наурыздағы «Жайық таңы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4. «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі осы
қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылауы аудан әкімінің орынбасары М.Жұматоваға тапсырылсын.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.