Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об организации общественных работ в районе на 2016 год

Қаулы · № 68/01 · қабылданған 28.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-ekb-98428/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об организации общественных работ в районе на 2016 год Күшін жойған 31.05.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об организации общественных работ в районе на 2016 год

Күшін жойған Қаулы № 68/01 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации общественных работ в районе на 2016 год
Атауы (қаз.)
Ауданда 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
68/01
Қабылданған күні
28.12.2015
Көрсетілген редакция
31.05.2016 98428_97200.kaz
Соңғы өзгеріс
31.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15KO003621
ЭКБ идентификаторы
98428
Редакция идентификаторы
98428_97200
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:28
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ауданда 2016 жылға арналған

қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5 тармақшасына және 20 бабының 5 тармағы 2 тармақшасының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын іске асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері, қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

2. «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.А.Тулеуова):

1) қоғамдық жұмыстар өткізуге аудан бюджетінде 2016 жылға көзделген қаражат шегінде бекітілген тізбеге сәйкес, жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберуді жүзеге асырсын;

2) қоғамдық жұмыстарды орындауға ұйымдармен шарт жасаған кезде кейінгі жұмысқа орналастырылу мүмкіндігін көздесін;

3) қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың еңбекақысы жергілікті бюджет қаражатынан, жұмыспен өтілген уақытына екінші деңгейлі банктерде енгізу жолымен жұмыссыздардың жеке шотына төленсін;

4) қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздардың еңбекақысы ең төменгі бір жалақы мөлшерінде төленсін;

5) қоғамдық жұмыстарға жіберілген бір жұмыссыздың жұмыс уақытының ұзақтығы – аптасына 40 сағаттан аспауы, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шектеулер ескеріліп, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен екі демалыс күні бекітілсін.

3. «Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Е.Е.Теміров) қоғамдық жұмыстарға жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысына ақшалай қаражатты уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рымбайұлына Ламбековке жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таралады.

11 Аудан әкімдігінің

2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 68/01 қаулысына қосымша
Жұмыссыздарға ұйымдастырылатын
2016 жылға арналған қоғамдық жұмыс көлемдері мен түрлері, ұйымдардың
Тізбесі

Ұйымдар және мекемелердің атауы
Адам саны
Жұмыстар мен қызметтердің түрлері
Жұмыстардың ұзақтығы (ай)
Жұмыстардың көлемі
1
Кенттер мен ауылдық округтар әкімдерінің аппараттары
337
Тұрғындардың үйлерін аралау, ауылдық округтердің, кенттердің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу, статистикалық тексеріс;
1-6
9325 аула
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына елді мекендерге, бейттер аумағын жинауға көмек;
0,5-3
жолдар салу және жөндеу, су коммуникациясының төселімі, мелиорация жұмысын өткізу;
1-3
200 километр
тұрғын үйді, сондай-ақ әлеуметтік мәдени мақсатындағы нысандарды салуға, күрделі жөндеуге қатысу;
1-3
24 нысан
ескерткіштерді күзету және қалпына келтіру;
0,5
8 ескерткіш
аймақты экологиялық сауықтандыру («Жасыл ел», «Ағаш отырғызу»);
0,5
1500 дана
айтулы, мерейтой күндері бойынша мерекелерді өткізу мәдени мақсатындағы ауқымды іс-шараларын ұйымдастыруға көмек;
1
қоғамдық пікір сұрастыру, республикалық, аймақтық қоғамдық компанияларға көмек;
1-6
жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтім көрсету.
0,5-3
77 адам
2
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Осакаров ауданы әкімдігінің аудандық мәдени – сауықтыру орталығы»
5
Мәдени және демалыс орталық саябағының аумағын көркейту, көгалдандыру, тазарту.
2
7 гектар
1400 дана
3
«Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарттарға және мүгедектерге үйде күндізгі күтім бөлімі
6
Айтулы мерейтой күндері бойынша мерекелерді өткізу мәдени мақсатындағы ауқымды іс-шараларын ұйымдастыруға көмек;
2
16
әлеуметтік қызмет: үй аралау, материалдық - тұрмыстық актілерді жасау, құжаттарды тігу, істерді қалыптастыру.
2
58 аула
58 акт
58 іс
4
«Осакаров ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі
6
Азаматтарды шақыруды ұйымдастыруда техникалық көмек көрсету (жеке істерді тігу, шақыру қағаздарын тарату).
3
3500 дана
8500 дана
5
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Осакаров ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі
9
Жерге, көлік құралдарына, мүлікке салық төлеу жөніндегі түбіртектерді, хабарламаларды жазу және (аулаларға) жеткізу.
3
5000 дана
3000 дана
10000 дана
6
«Осакаров ауданының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі
4
Нарядтар мен істерді тігу, қалыптастыру, мұрағат құжаттары мен тізімдерді құрастыру;
мұрағатқа тапсыру үшін құжаттарды қалыптастыру және мұрағат құжаттарын өңдеу.
3
2000 дана
7
«Осакаров ауданының
әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
4
Мұрағат кітаптарын ішінара жаңғырту, кітаптарды тігуге дайындау және жиынтықтау, үй аралау, сұратулар бойынша іздеу.
3
18000 дана
4560 аула
3000 сұрау
8
«Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
4
Мұрағат құжаттары мен тізімдерін құрастыру, істерді тігу, қалыптастыру.
3
2000 дана
9
«Осакаров ауданының
ішкі істер бөлімі»
5
Мұрағат құжаттары мен тізімдерін құрастыру, істерді тігу, қалыптастыру.
3
2000 дана
10
«Осакаров ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2
Мұрағат құжаттары мен тізімдерін құрастыру, істерді тігу, қалыптастыру.
3
2000 дана