Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в 2016 году

Қаулы · № 158-2401 · қабылданған 28.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-ekb-98470/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в 2016 году Күшін жойған 27.09.2016 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в 2016 году

Күшін жойған Қаулы № 158-2401 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в 2016 году
Атауы (қаз.)
2016 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
158-2401
Қабылданған күні
28.12.2015
Көрсетілген редакция
27.09.2016 98470_199586.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15ABW00996
ЭКБ идентификаторы
98470
Редакция идентификаторы
98470_199586
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:28
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 2016 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Халықтың нысаналы топтарына мынадай санаттар қосымша белгіленсін:

1) елу жасқа толған адамдар;

2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы адамдар;

4) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар (бала асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар);

5) техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының түлектері;

6) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін адамдар.

7) есірткіге тәуелдіктен емдеу мен оңалту курстарынан өткен адамдар.

2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ермек Сабырбекұлы Оспановқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

3. «2015 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгiлеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 158-202 (Астана қаласының әділет органдарында 2015 жылғы 27 ақпанда № 883 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 наурыздағы № 26 (3231) «Астана ақшамы» 2015 жылғы 7 наурыздағы № 26 (3249) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинға жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.