Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 15.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 24.11.2016 98642_127030.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.11.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ZM004249
- ЭКБ идентификаторы
- 98642
- Редакция идентификаторы
- 98642_127030
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:09
0 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. «Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
3
3. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 8 «2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3813 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 ақпандағы «Серпін» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4
4. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік–құқықтық жұмыстар бөлімі басшысы (А. Нурушев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «15» қаңтардағы №3
қаулысына қосымша
2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі