Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Глубоковского района на 2016 год
Күшін жойған
Қаулы
·№ 569
·
22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Глубоковского района на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға арналған Глубокое ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 569
- Қабылданған күні
- 30.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 07.09.2016 99025_112411.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VI004353
- ЭКБ идентификаторы
- 99025
- Редакция идентификаторы
- 99025_112411
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:21
0 2016 жылға арналған Глубокое
ауданының аумағында тұратын
халықтың нысаналы топтарын
анықтау туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына, сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2016 жылға арналған Глубокое ауданының аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
1 1) аз қамтылғандар;
2 2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар;
11 11) жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14 14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
15 15) маскүнемдік және (немесе) нашақорлықтан емдеу курсын өткен адамдар;
16 16) ұзақ уақыт (алты айдан аса) жұмыс істегемеген адамдар;
17 17) бұрын жұмыс істемеген (еңбек өтілі жоқ) адамдар;
18 18) отбасында бірде-бір жұмысшысы жоқ адамдар;
19 19) жалғыз тұратын адамдар;
20 20) қырық бес жасқа толған және жасы асқан адамдар;
21 21) зейнетақы жасына жеткенше 50 жастан асқан адамдар;
22 22) өнімсіз еңбекпен айналысқан, өзін-өзі қамтыған халық.
2
2. «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Глубокое аудандық әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың уақытша жұмысқа орналасуын қамтамасыз етсін және оларды жұмысқа орналасуда жәрдемдессін.