О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Экибастуза на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Экибастуза на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылы Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 379/47
- Қабылданған күні
- 02.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 02.02.2016 99026_49444.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PC004923
- ЭКБ идентификаторы
- 99026
- Редакция идентификаторы
- 99026_49444
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:40
0 2016 жылы Екібастұз қаласының
ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу
және тұру үшін келген денсаулық
сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» № 183 қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. 2016 жылы Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш сомасына тең көтерме жәрдемақы берілсін.
2
2. 2016 жылы Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе құрылысы үшін бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш сомасынан жоғары емес бюджеттік кредит берілсін.