Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Аягозского района на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Аягозского района на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға Аягөз ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 06.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 21.04.2016 99436_245584.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VF004372
- ЭКБ идентификаторы
- 99436
- Редакция идентификаторы
- 99436_245584
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:15
0 2016 жылға Аягөз ауданының
аумағында тұратын халықтың
нысаналы топтарын анықтау
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 8 бабының 3 тармағына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатын ескере отырып, жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясатын iске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттiк кепiлдiктердi қамтамасыз ету мақсатында, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Аягөз ауданы аумағында тұратын халықтың келесi нысаналы топтары анықталсын:
1 1) табысы аз адамдар;
2 2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
6 6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар;
11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
12 12) жұмыс берушi – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi –жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар;
14 14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді;
15 15) ұзақ уақыт (бiр жылдан астам) жұмыс iстемейтiн адамдар;
16 16) 50 жастан асқан адамдар;
17 17) асыраушысы жоқ жалғызiлiктiлер;
18 18) есiрткiге тәуелдi адамдар;
19 19) АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдар;
20 20) бiр де жұмыс iстеушiсi жоқ жанұялардың адамдары;
21 21) көп балалы от басына жататын адамдар;
22 22) емдеу және реабилитация курсынан өткен есірткіге тәуелді адамдар.
2
2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 09 желтоқсандағы нөмірі 711 «2015 жылға Аягөз ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3590 нөмірімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2014 жылғы 27 желтоқсандағы нөмірі 104 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.