Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения на 2016 год

Қаулы · № 01/03 · қабылданған 13.01.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-ekb-99459/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения на 2016 год Күшін жойған Қаулы ·№ 01/03 ·13.01.2016
06.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения на 2016 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 01/03 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения на 2016 год
Атауы (қаз.)
2016 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
01/03
Қабылданған күні
13.01.2016
Көрсетілген редакция
06.05.2016 99459_392951.kaz
Соңғы өзгеріс
06.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KN003653
ЭКБ идентификаторы
99459
Редакция идентификаторы
99459_392951
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:11

0 2016 жылға халықтың нысаналы

топтарын анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2016 жылға Нұра ауданының аумағында тұратын келесі нысаналы топтар анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14 14) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жылдан аса);

15 15) емдеуден және оңалтудан өткен есірткіге тәуелді адамдар;

16 16) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар.

2 2. «Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Гүлнәр Такуқызы Жүпенова) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндеттерін атқарушысы Салтанат Аққошқарқызы Мұқановаға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы