Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2016 году

Өзге акт · № 6 · қабылданған 29.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-ekb-99793/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2016 году Күшін жойған Өзге акт ·№ 6 ·29.12.2015
05.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2016 году

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2016 году
Атауы (қаз.)
2016 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6
Қабылданған күні
29.12.2015
Көрсетілген редакция
05.05.2016 99793_85264.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15CK004703
ЭКБ идентификаторы
99793
Редакция идентификаторы
99793_85264
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:24

0 2016 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561–IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ойыл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде «Ақтөбе облысы Ойыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1999 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген Ойыл ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2 2. «Ақтөбе облысы Ойыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, тіркеу қорытындысы туралы 2016 жылдың 10 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.

3

3. Аудан әкімінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 19 «2015 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 4142 болып тіркелген, «Ойыл» аудандық газетінде 2015 жылғы 22 қаңтарда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қазбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы