О предоставлении социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Т.Рыскулова на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Т.Рыскулова на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға Т.Рысқұлов ауданы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 42-5
- Қабылданған күні
- 22.02.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2017 99944_168703.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16GH002962
- ЭКБ идентификаторы
- 99944
- Редакция идентификаторы
- 99944_168703
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:23
0 2016 жылға Т.Рысқұлов ауданы бойынша
ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге
және тұруға келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарына
әлеуметтік қолдау көрсету туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2016 жылға Т.Рысқұлов ауданы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері:
1 1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып айқындалсын.
2
2. «2015 жылға Т.Рысқұлов ауданы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2015 жылдың 06 сәуіріндегі №31-9 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2613 болып тіркелген, 2015 жылдың 21 сәуіріндегі № 34-35 (7079) «Құлан таңы-Огни Кулана» газетінде жарияланған) күші жойылсын.