Құжат мәтініне өту

О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим медицинским и фармацевтическим образованием на 2017-2018 учебный год

Бұйрық · № 560 · қабылданған 27.07.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2017-2018-ekb-113743/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим медицинским и фармацевтическим образованием на 2017-2018 учебный год Қолданыста Бұйрық ·№ 560 ·27.07.2017
27.07.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим медицинским и фармацевтическим образованием на 2017-2018 учебный год

Қолданыста Бұйрық ·№ 560 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим медицинским и фармацевтическим образованием на 2017-2018 учебный год
Атауы (қаз.)
Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
560
Қабылданған күні
27.07.2017
Көрсетілген редакция
27.07.2017 113743_207089.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015405
ЭКБ идентификаторы
113743
Редакция идентификаторы
113743_207089
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:19

0 Жоғары медициналық және

фармацевтикалық білімі бар
мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу
жылына арналған мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру туралы
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 386 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін мерзімді баспа басылымдарына және «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрықты денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының назарына жеткізуді;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі № 560
бұйрығына
қосымша
Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с№
Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
Ма­ман­дық­тың ата­уы
Ма­ман­дық бой­ын­ша бө­лін­ген орын­дар­дың са­ны
1
2
4
5
1.
С.Ж. Асфен­ди­я­ров атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық ме­ди­ци­на уни­вер­си­те­ті
Жал­пы ме­ди­ци­на
385, оның ішін­де 270 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
Сто­ма­то­ло­гия
20, оның ішін­де 10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
Мей­ір­гер ісі
20, оның ішін­де 10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
Фар­ма­ция
15, оның ішін­де 10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
Қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау
10, оның ішін­де 5 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
Пе­ди­ятрия
150, оның ішін­де 100 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
Бар­лы­ғы:
600
Ескертпе: Қосымша 2550 орын мәлімденген мамандықтар бойынша осы қосымшада көрсетілгенді қоспағанда медицина кадрларын даярлайтын жоғары оқу орындарында конкурс негізінде орналастырылады.

Қолданыстағы