Об утверждении плана по управлению пастбищами Кызылкогинского района и их использованию на 2017-2018 годы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении плана по управлению пастбищами Кызылкогинского района и их использованию на 2017-2018 годы
- Атауы (қаз.)
- Қызылқоға ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- XVIII-1
- Қабылданған күні
- 06.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 02.02.2018 117171_300294.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17TE004018
- ЭКБ идентификаторы
- 117171
- Редакция идентификаторы
- 117171_300294
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:59
0 Қызылқоға ауданының
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2017-2018 жылдарға арналған
жоспарын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 8, 13-бабтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қызылқоға ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.Баймуратова) жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Кіріспе
Қызылқоға аудандық мәслихатының
2017 жылғы «6» желтоқсандағы
№ XVIII-1 шешімімен бекітілген
Қызылқоға аудандық мәслихатының
2017 жылғы «6» желтоқсандағы
№ XVIII-1 шешіміне қосымша
Қызылқоға ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған
ЖОСПАРЫ
Кіріспе
Қызылқоға ауданында, жалпы еліміздегі сияқты бүгінге дейін ауыл шаруашылығы саласындағы жер қатынастары, негізінен Қазақстан Республикасының Жер кодексі мен «Шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметі туралы» Заңымен реттелген болатын. Енді, биылдан бастап жайылымдық алқапты пайдалану құқықтық қатынастары «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңмен (бұдан әрі -Заң) басқарылып, ұйымдастырылатын болады. Заңда, еліміздегі жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды реттеуде, жергілікті атқарушы органдар мен шаруашылық жүргізуші ұйымдардың жұмысты ұйымдастыру, басқару, жоспарлау жүйесіне қатысты іс-шаралар айқындалған. Жұмысты жүйелі түрде жүргізуге нормалар белгіленіп, нақтыланған.
Қызылқоға ауданы көлемі 2488423гектар жерді құрайды, оның 1545745 гектары жайылым алқабы болып есептеледі. Бүгінде осы жайылымдық жерлердің 407231 мың гектары ғана қолданыста, 73,0 пайызы пайдаланылмағандықтан босалқы жерлер санатында.
Қазірде аудандағы 10 округ, мал шаруашылығы мен айналысатын 2-жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1- өндірістік кооператив, 187- шаруа қожалықтары жұмыс істейді және 4098 отбасы төрт түлік мал ұстап, өнімдерін өз игіліктеріне жаратып отыр. Жалпы аудан бойынша 75239 қой мен ешкі, 21348 мүйізді ірі қара, 6928 жылқы, 1149 түйе малы бар. Осы малдың 60 пайызға жуығы ауыл маңындағы жайылымда бағылуда. Әр мал басына белгіленген норматив бойынша пайдаланып отырылған жайылым көлемін есептесек, онда малды бір жерге қайталап жая берген болып саналады. Бұл шөптердің сиреуіне және мал тұяқтарымен жердің беткі қабаттарының бұзылуына, яғни жерді эрозияға ұшыратады. Мұндай «тұяқкесті», яғни тапталған жайылымдар ауданда жүздеген гектарды алып жатыр. Әсіресе, жайылымдардың тарлығынан эрозияға ұшырап шаңы шыққан, тақыр жерлер негізінен елді мекендер мен малды суаратын аймақтарда көп орын алады.
Осы жоспардың негізгі мақсаты, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бүлдірмеу үшін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11064 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығы негізінде аудан көлеміндегі жайылымдарды түгелдей, мал түріне қарай бекітілген нормаға сәйкес пайдалануына талдау жасап, ауданда жаңа Заңдағы қойылған талаптарға сәйкес, жайылымдарды қалпына келтіру, түбегейлі жақсарту, сақтау, тың жерлерді игеру, ұтымды пайдалану жұмыстарын жургізу. Сонымен қатар, жыл мезгілдеріне және пайдалану кезеңдеріне қарай, ауылдық округтердегі тұрғындардың малдарын маусымдық және шалғай жайылымдарға біріктіріп, топтастырып шығарып жаюды ұйымдастыру жайылымдарды тиімді пайдаланудың, малдың жағдайын табудың, жайылым эрозиясын болдырмаудың негізгі жолы. Заң еліміздегі жайылымдар инфрақұрылымдарын жақсартуға, жайылым жерлердің тозуын болдырмауға, олардың қоршаған орта экожүйесіндегі экологиялық тұтастығын сақтауға бағыттайды. Сондай–ақ, экологиялық таза мал өнімдерін арттыру мәселелерін қарастырады.
1 1. Аудандағы жер санаттары және олардың көлемі
Аудан көлемі шөл-шөлейтті аймақ зонасына жатады. Топырағы ащы, ылғалы аз, жері сорлы. Өсетін шөптер негізінен жусан, жусан-бүйіргенді, сұр-жусанды және жусан тұқымдастар, ащы жерлерге көкпек, ебелек, бұйырғын, адыраспан өссе, құмды жерлерге қияқ, еркек, қияқ боз, селеу тағы да басқа шөптер өседі. Кей жылдары, көктем ылғалды, жылы болғанда сәуірдің ортасынан бастап эфемерлер (мортық, қоңырбас, сіңбірік, мысық құйрық) сияқты шөптер өсе бастайды. Бұл шөптер бір, бір жарым айларда қурай бастайды. Жайылымды тиімді пайдалану, оның тозуына жол бермеу, әр малдың жақсы жейтін шөбіне қарай орналастыруға да байланысты. (осы жоспардың 3 қосымшаға сәйкес)
Кесте де көрсетілгендей, аудан территориясы табиғи географикалық орналасуына байланысты бес жер санатына бөлінген. Бұл санаттардағы жерлер өз мақсаттарына сәйкес пайдалануда.
Ал, аудан жайылымдарына жалпы, сипаттама жасайтын болсақ, олардың өнімділігі тұрақты емес, жауын-қардың аз-көптігіне қарап, әр жылдарда өзгеріп отырады. Шөбінің өнімділігі, жылдың ауа райының жағдайына қарай, гектарына 1,0 центнерден 3 центнерге дейін болады. Жайылым шөбінің аздығы және маусымдап пайдаланылатын жайылымдардың бытыраңқылығы себепті малды алыстағы көктемгі, жазғы және күзгі-қысқы жайылымдарға жаюды керек етеді. Кей жылдары қыстың жұмсақтығына қарай, шаруашылық құрылымдардың малдары көбінесе жайылымда болады.
Аудан жері көлемінің 90 пайызы жайылымдық жер (осы жоспардың 1 қосымшаға сәйкес). Бүгінде соның 35 пайызы ғана қолданыста немесе 493,607 мың гектары ғана игерілген. Егерде, осы қолданыстағы жайылымды пайдалануды талдайтын болсақ, оның 284200мың гектары 187 шаруа қожалықтарында, 131972 гектарын мемлекеттік емес ауылшаруашылығы құрылымдары иемденіп отыр.
Елді мекендердің жерлері санатына қарасты 103912 гектар жайылым алқабының жартысына жуығы ғана суландырылған, яғни бұл жер өз мақсатында толық пайдаланылмай отыр. Ал, босалқы жердегі 277354 гектар, жайылымның 103912 гектары, немесе 31 пайызы ғана суландырылған. Орман қоры жерінде 2200 гектар жайылым алқабы бар. Міне, осы жерлерді де қолданыстағы жер пайдалану заңдылықтарына сәйкестендіріп, мал азығы қажеттілігіне игеру жолдарын ойластыру қажет.
Ауданда табиғи жайылымдардың маусымдық сипаты анық байқалады. Олардың климат жағдайына байланысты, орташа алғанда, 15 миллион центнер жем-шөптік бірлікке тең қоры бар, соның ішінде жазғы маусым үлесіне 20-25 пайызы, көктемгі-күзгі маусым үлесіне 45-50 пайызы және қысқы маусым үлесіне 25-30 пайызы келеді. Қазірде бұрынғы кеншарлардың малдары жайылған жайылым учаскелерінің едәуір бөлігі түрлі себептермен толық пайдаланылмайды. Елді мекенді жерлердегі тұрғындардың қолында біршама малы бар. Жеке меншік иелері, кейбір шаруа қожалықтары малдарын шалғай, құнарлы жайылымдарға шығаруға, жайылым ауыстырып отыруға көңіл бөлмейді. Қысы жазы бір орында отырудың әсерінен, жер тозып, мал азықтық өсімдіктердің түрі азайып, жайылымдар шаруашылық айналымынан шығып, эрозияға ұшырауда.
2 2. Аудан көлеміндегі жайылымдарды тиімді пайдалану
Ауданда 10 ауылдық округ орналасқан. Негізінде, ауылдық округтерде төрт түлік малдың басым көпшілігі ауылда қолда ұсталып, жылына алты- жеті ай бойы ауыл маңында жайылады, яғни мал ауылдан 1-2 километрден қашыққа ұзамайды. Қазірде бұл жерлердің басым бөлігі іс жүзінде бүлінген, әрі тозған. Себебі, халықтың жеке ауласындағы мыңнан астам малы мен алыс жайылымға көшпейтін шаруа қожалықтарының малдары осы жерде ұсталады, тиісінше бұл аймақтағы малдың тығыздығы қолданыстағы шектеулі мөлшерден (нормативтен) бірнеше есе жоғары.
Аудан көлеміндегі жайылым пайдаланудың қазіргі жағдайы (осы жоспардың 4 қосымшаға сәйкес)
Кестеде көрсетілгендей, іс жүзінде қолда бар 1738841 гектар жайылымдық алқаптың 16 пайызы, немесе 229612 мың гектары мал жаюға қолданылып отыр. Бұл жерлердің көбі ауыл маңына жақын орналасқан, ал кейбір жайылымдық жерлер белгісіз себептермен тиімсіз пайдаланылуда.
Ауыл шаруашылығын жекешелендіру кезінде ауылдан шалғай жатқан бұрынғы совхоздардың жайылымдары бос қалды, олардың орнында қалғаны жауапкершілігі шектеулі серіктестікке, өндірістік кооперативтерге өтіп кетсе немесе қыстақтарында отырып қалған, немесе шаруа қожалығын құрған малшылар есепсіз алып алған болуы мүмкін. Осындай жағдайларда, кейбір ауылдық округтерде жайылым жетіспеушілігінің күрделеніп бара жатқандығы байқалады. Ал аудан бойынша жоғарыда айтылғандай, жайылымның жартысынан көбі пайдаланылмай жатыр.
Қазіргі уақытта, ауыл аумағындағы жайылымды пайдалану тәртібінің сақталмауынан және малды шамадан тыс көп шығаруы, күтілмеуі себепті, мал азықтық өсімдіктер қоры жылдан -жылға азая беруде. Мұның салдарынан, ондай жайылымдарды мал жемейтін шөптер есекмия, итсигек, адыраспан, шоғайна сияқты тағы басқа ірі сабақты өсімдіктер басып барады.
Сондықтан, қазіргі кезеңде малы көп елді мекендерге малдарын бағу үшін суаратын суы бар шалғай жайылымдарда бағуды және оны 2 учаскеге бөліп ұйымдастыру қажет деп жоспарлап отырмыз. Оларды кезектестіріп пайдалану, яғни ауыстырып пайдалану (1 учаске-бірінші жылдың алғашқы жаю кезеңінде, 2 учаске-жаю кезеңінің ортасынан аяғына дейін пайдаланылады) өсімдікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл қарапайым ғана жайылым айналымы жеке меншік иелерінің өрістерін жаңарту қажет екендігіне көздерін жеткізіп, жерді одан әрі маусымдық пайдалануға жол ашады деген ойдамыз.
Жалпы, ғылыми тұрғыда негізделген тәжірибеде жайылымдардың өнімділігін ұзақ жылдар сақтау үшін жайылым пайдаланушылар үш негізгі талапты ескеру қажет:
1 1) Жайылым учаскесінде малдың мөлшерлі санын сақтау;
2 2) Жайылымды пайдаланып болғаннан кейін жалпы өнімнің 30-40 пайызы сақталуы тиіс;
Жайылымда мал жайылып болғаннан кейін, өсімдіктің биіктігі 4-5 сантиметр болуы қажет. Себебі, аласа өсімдіктің мал түгелге жуық жапырағын жеп қояды да, қысқа қарай олардың қоректік заттар қоры аз қалады.Кейде қыста үсіп кетеді, ал аман қалғандары көктемде қайта көктегенмен оттық сапасы нашар болады.
3 3) Мал жаю мерзімін қатаң сақтау. Мал жаюды көктемде, шамамен, көп жылдық шөптер бой көтеріп, олардың көбі түктену (астық тұқымдастар), енді біреулері бұтақтану (жартылай бұталар) кезеңіне жеткен соң 10-12 күннен кейін бастау керек.
Осы ережелерді сақтамау жайылым өнімінің келер жылы күрт төмендеуіне әкеп соғады. Дегенмен де, түрлі себептермен жайылым оты мөлшерінің жыл бойы талай өзгеріске түсетіні белгілі.
Бүгінде, жалпы жайылым мен шабындықтардағы өсімдіктердің геоботаникалық құрамы түбірімен өзгерді. Мұндай жағдай жерді мелиорациялауды басқа да агротехникалық шараларды жүргізуді қажет етеді. Шөп өсу қабілетін қалпына келтіру керек қылатын, мықтап тозған жайылымдар үшін ауыспалы жайылым, тәсілін ғылыми негізде жүргізген жөн.
Аудан көлеміндегі малдәрігерлік – санитариялық объектілер туралы мәлімет (осы жоспардың 5 қосымшаға сәйкес)
Аудандағы малдәрігерлік пункттер толық мал дәрігері мамандарымен толықтырылған, толықтай жабдықталған (компьютер, тоназытқыш, қажетті саймандары). Ауылдық округтер бойынша мал жайылымға шығар алдындағы жылма – жылғы жоспарланған эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспары, мал дәрігерлік алдын-ала егу, аллергиялық және серологиялық тексеру жұмыстары толық орындалып келеді.Ауыл маңындағы жайылымдарда малдәрігерлік тексерістен өтіп отырады.Кестеде көрсетілген округтерде мал тоқыту орындары белгіленген.
Мал арасында инфекцияның таралуына оларды қалай болса солай күтіп-бағу, шағылыстыруда, төлдетуге, мал денсаулығына бақылаудың жоқтығы, малды біріктіру, топтау ережелерінің бұзылуы тағы басқасына әкеп соғады. Сондықтан, малды күтіп-бағып жайылымды пайдаланудың мал дәрігерлік - санитарлық және зоогигиеналық ережелерін қатаң сақтау қажет. Ауру шыққан жерлерде малдарға вакцинация жасау, дезинфекциялау, дератизациялау жұмыстарын жүргізу тиіс.
Мал және әдейі ауланып жойылған қаңғыбас иттермен, мысықтар өлекселері арнайы мал қорымдарына тасталады. Мал қорымдары, қазіргі мал дәрігерлік талаптарға сай жасалған.
3 3. Елді мекенді жерлердегі жайылымдарды маусымдық пайдалануды ұйымдастыру
Ауданда 25 елді мекен бар. Олардың барлық жер көлемі 134662 мың гектар,оның 130210 мың гектары жайылым. Ал, осы жайылымды елді мекендердегі жеке қожалықтар малының әр басына тиісті мөлшер бойынша есептегенде өте аз. Мысалы, Миялы ауылдық округінде 2530 бас ірі мүйізді қар, 8952бас қой мен ешкі, 419 жылқы, 21 түйе малы бар. Осы малдарға тиісті мөлшер бойынша 73635 гектар жайылым оты қажет, ал кенттің өзінде 3200 га, яғни 70435 гектар жайылым жетіспейді. Сондықтан, әрбір отбасындағы қүнделікті қолданыстағы мал басынан басқа малдарды түріне қарай мал дәрігерлік талаптарға сәйкес біріктіріп, кенттің босалқы жердегі жайылымға шығарып бағуды ұйымдастыру жоспарланып отыр.Әрине, ауыл тұрғындарының малдарын біріктіріп бағудың барлық қажетті жағдайы, яғни бағатын отбасының немесе шаруа қожалықтарының еңбек ақылары, тұрмыстық, әлеуметтік мәселелері түгелдей шешілуі керек. Сондай-ақ, елді мекендерде малшыларды киіз үймен қамтамасыз етіп, адам мен мал қауіпсіздігіне кепілдік беруі тиіс. Бұл қадам, Елбасының тапсырмасына сәйкес, кооперативтерге бірігудің бір қадамы болмақ. Ал, кенттегі шаруа қожалықтарының малына жетіспейтін жайылымдарды қосымша жалға жер алып, малдың отының көлемін кеңейту жолымен шешіледі ( жалғанды 2 қосымша).
Ойыл ауылдық округі бойынша: Ойыл ауылдық округінің жер көлемі 105718 гектарды құрайды, оның 98,8 пайызы, яғни 18939 гектар жайылым алқабы. Осы жайылым алқабының 17725 гектарын шаруа қожалықтары пайдалануда. Округ тұрғындарының малдары жайылыммен біркелкі қамтылған. Ал шаруа қожалықтарына жетіспейтін 108350 гектар жайылым отын округтің босалқы жеріндегі жерден жалға беру жоспарлануда(осы жоспардың 2 қосымшаға сәйкес).
Осылай барлық ауылдық округтегі жайылымды пайдалануды сипаттауға болады.
Қызылқоға ауданы елді мекендердегі тұрғындар малдарының жайылымдармен қамтамасыз етілуі (осы жоспардың 6 қосымшаға сәйкес)
4 4. Шалғайдағы жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында жайылым айналымы схемасын жасақтау
Қызылқоға ауданының жайылым алқабы қазіргі мал басын толықтай қамтамасыз етеді. Ғылыми дәлелденген тәжірибеде, жемшөптің жылдық балансында жайылымдылық мал азығы 60-70 пайыз құрайды. Ауыл маңындағы өрістерді тыныстантырып, демалдыру үшін маусымдық жайылымдарды көшпелі жолмен дәстүрлі пайдаланған жөн. Маусымда пайдаланылатын далалық жайылымдарға малды, күні бұрын белгіленген учаскелерге бөліп, алмастырып жаю керек. Сондай - ақ, ең бастысы, малдың пайдалы заттарға бай, жеңіл сіңірілетін табиғи жайылымдарға қол жеткізудің амалдарын ғылыми тұрғыдан және заң шеңберінде реттелетін жағдайда қалыптастыру қажет.
Жайылым отын тиімді пайдалану, оны пайдалану мерзімінің түрлі схемасын кезектестіру жолымен жүргізіледі. Жайылым айналымы дегеніміз, табиғи жайылымдарды бір жылдан немесе бірнеше жылдан соң қайталанатын және оның өнімділігін төмендетпей, жақсартуға бағытталған шаралар жүйесі болып табылады. Мәселен, біздің облыс жағдайында далалық және құм жайылымдарын пайдалануды мал жаю маусымын 4 жылдық жайылым айналымында кезектестіре отырып ұйымдастыруға болады. 1 жылы - көктемде, 2 жылы - күзде, қыста, 3жылы - жазда, 4 жылы - қыста, көктемде. Осылай жайылымның геоботаникалық, сумен қамтылу жағдайларына қарай пайдаланылады. Бұл үлгі ретінде. Жалпы, жайылым айналымын қолдану және қоршап пайдалану жүйесі, маусым - маусым бойынша кезектестіруге, өсімдіктердің өнімділігін сақтауға мүмкіндік береді.
«Жангелдин», «Мұқыр» ауылдық округтернідегі кең таралған жусан мен әртүрлі шөптерден тұратын жайылымдар үшін барынша қолайлысы- жыл сайын ретімен ,жылдың барлық маусымында мал жайып, кезек-кезек 4-белдеулі жайылым айналымын жасау. Әрбір загон, яғни малды қоршап бағатын учаскелер жыл бойы тек бір маусым пайдаланылуы тиіс, егер учаске көктемде пайдаланылса, келесі жылы бұл учаске - жазда, ал келесі жылы-күзде пайдаланылуы тиіс. Тек осы жағдайда ғана жайылымдық өсімдіктердің тұқым тастауы мүмкін, және азып тозған учаскелер бұрынғы өнімділігін қалпына келтіре алады.
Сондай-ақ, ауданның шөл және шөлейт жайылымы жағдайында ауыспалы жайылым–шабындық айналымының мынадай да схемаларын ұсынуға болады. Шөп өсу қабілетін қалпына келтіруді керек қылатын, мықтап тозған жайылымдар үшін үш жылдық ауыспалы жайылым шабындық айналымын пайдалану қолайлы.
1 жылы-шөптер жаппай немесе үстеп егіліп, тынықтырылады;
2 жылы-тынықтырылады немесе шөбі кем (сепкен шөптердің дәні піскеннен кейін) шабылады;
3 жылы-мал жайылады, немесе төрт жылдық айналымда, алдыңғы жылдары жоғарыдағы ретпен қайталанады да;
3- 4 жылдары мал жайылады.
Жайылымдарды түбірлі жақсарту үшін изен, терескен, бидайық, жусан тәрізді аридті дақылдар өсіру ұсынылады. Бұл өсімдіктер ауа және топырақ қуаңшылығын жақсы көтереді, ең қуаң жылдары өз өсуі мен дамуын тоқтата тұрады, ал жауын-шашын болған кезде ылғалды тез пайдаланып, жедел дами бастайды, бұл біздің жалпы барлық аудандардың табиғи жағдайында өте маңызды болады. Мал азықтық өсімдіктерді көбейтудің мол резерві осында
Осындай ретпен, бес-алты жылдық жайылым айналым жасауға болады және мал жайылатын жердің аумағы, шөптің өніміне, тұрақтылығына, мал басының өсуіне қарай өзгереді.
5 5. Қорытынды
Елімізде мал шаруашылығы саласын дамыту бірінші кезекте, жемшөп қорын тұрақты жолға қойып және оны нығайтып отыруға байланысты. Мал азығының негізгі құрамы жайылым оты болып табылады. Заңның талаптарына сәйкес, ауданда жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру, жоспарлау, басқару жүйесіне қатысты біршама іс- шараларды жүргізуді қажет етеді. Жайылымдық ресурстарды ұтымды және тұрақты басқару туралы мәселелер бүгінде өзекті. Бұл туралы Елбасы өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында отандық мал шаруашылығын бұрыннан қалыптасқан тарихи дәстүрлерді және жаңа ғылыми техникалық басқаруды ескере отыра қайта жандандыру керек екенін атап өткен болатын.
Бір сөзбен, осы жоспарда ауданда мал шаруашылығы саласын дамыту үшін табиғи жайылымдарды ұқыпты пайдалануды реттейтін нақты шаралар көзделген. Егер, ауданда жайылымдық алқаптарды тиімді пайдалану жолға қойылатын болса, мал басын өсіруге одан өндірілетін ет, сүт тағы басқа да өнімдерді арттыруға болады.
13 Қызылқоға ауданының жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі 2017-2018 жылдарға
арналған жоспарына 1 қосымша
14 Қызылқоға ауданының жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі 2017-2018 жылдарға
арналған жоспарына 2 қосымша
Қызылқоға ауданының ауылдық округтер маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы
15 Қызылқоға ауданының жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі 2017-2018 жылдарға
арналған жоспарына 3 қосымша
Аудандағы жер санаттары және олардың көлемі
№
Жер санаттарының атауы
көлемі, мың гектар
оның ішінде
жайылым
суландырылғаны
1
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
422836
407136
188200
2
Елді мекендердің жерлері
134662
130210
55
3
Өнеркәсіп,көлік,байланыс,қорғаныс және басқа да ауыл ауыл шаруашылықтық емес жерлер
19975
-
-
4
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтық жерлер
-
-
-
5
Орман қоры жері
2200
626
6
Су қоры жері
-
-
-
7
Босалқы жерлер
1159168
1007700
748654
Барлығы
1738841
1545672
936909
16 Қызылқоға ауданының жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі 2017-2018 жылдарға
арналған жоспарына 4 қосымша
Аудан көлеміндегі жайылым пайдаланудың қазіргі жағдайы
№
Елді мекендер
Жер көлемі, гектар
Оның ішінде
жайылым
пайдаланыста
пайызы
1
Миялы ауылдық округі
26613
992
2
Жангелдин ауылдық округі
120020
40192
3
Ойыл ауылдық округі
105718
18939
4
Көздіғара ауылдық округі
100742
18812
5
Қызылқоға ауылдық округі
100150
12787
6
Тасшағыл ауылдық округі
79200
13808
7
Тайсойған ауылдық округі
75771
10229
8
Жамбыл ауылдық округі
109962
10364
9
Мұқыр ауылдық округі
626880
40326
10
Сағыз ауылдық округі
393785
63163
Барлығы
1738841
229612
17 Қызылқоға ауданының жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі 2017-2018 жылдарға
арналған жоспарына 5 қосымша
Аудан көлеміндегі малдәрігерлік – санитариялық объектілер туралы мәлімет
№
Ауылдық округтер
Мал дәрігерлік пунктері
Мал тоғыту орындары
Қолдан ұрықтандыру пунктері
Мал қорымдары
Жоспарланғаны
Салынғаны
1
Миялы ауылдық округі
1
бар
2
Жангелдин ауылдық округі
1
3
Ойыл ауылдық округі
1
бар
4
Көздіғара ауылдық округі
1
5
Қызылқоға ауылдық округі
1
6
Тасшағыл ауылдық округі
1
7
Тайсойған ауылдық округі
1
8
Жамбыл ауылдық округі
1
9
Мұқыр ауылдық округі
1
10
Сағыз ауылдық округі
1
Барлығы
10
2
18 Қызылқоға ауданының жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі 2017-2018 жылдарға
арналған жоспарына 6 қосымша
Қызылқоға ауданы елді мекендердегі тұрғындар малдарының жайылымдармен қамтамасыз етілуі
№
Ауылдық округтер, елді мекендер атауы
Мал түрлері
Мал басы
Мөлшерлі жайылым, га
Елді мекендер шекарасындығы жайылым, ға
Қамтылуы
+, -
Мал
Шығара- тын
жайылым атауы
басына
барлығы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Миялы ауылдық округі
-
-
-
74139
3200
-70939
Миялы ауылы
74139
3200
-70939
Мүйізді ірі қара
2532
15
37980
Құрманғазы
Қой, ешкі,
8952
3
26856
Ұры
жылқы
419
21
8799
Секер-Самай
түйе
21
24
504
Жаға
2
Жангелдин ауылдық округі
37575
46313
+8738
Жангелдин ауылы
37575
46313
+8738
Мүйізді ірі қара
1045
15
15675
Наурызәлі
Қой, ешкі,
4333
3
12999
Есмырза
жылқы
377
21
7917
Қолат
түйе
41
24
984
Сәлмен
3
Ойыл ауылдық округі
64962
49133
-15829
Жасқайрат ауылы
61113
36298
-24815
Мүйізді ірі қара
2462
15
3693
Қой, ешкі,
11411
3
34233
жылқы
967
21
20307
түйе
120
24
2880
Аққора елді мекені
3849
12835
+8986
Мүйізді ірі қара
157
15
2355
Жарыпшыққан
Қой, ешкі,
365
3
1095
жылқы
19
21
399
түйе
0
24
0
4
Көздіғара ауылдық округі
42615
17500
-25115
Қоныстану ауылы
33237
5020
-28217
Мүйізді ірі қара
795
15
11925
Көздіғара
Қой, ешкі,
4023
3
12069
жылқы
391
21
8211
түйе
43
24
1032
Қосқұлақ елді мекені
4530
6240
+1710
Мүйізді ірі қара
157
15
2355
Абдолқора
Қой, ешкі,
444
3
1332
жылқы
39
21
819
түйе
1
24
24
Бүйрек елді мекені
4848
6240
+1392
Мүйізді ірі қара
112
15
1680
Табылды
Қой, ешкі,
640
3
1920
жылқы
56
21
1176
түйе
3
24
72
5
Тасшағыл ауылдық округі
78489
28435
-50054
Тасшағыл ауылы
67266
6506
-60706
Мүйізді ірі қара
2960
15
44400
Сексенбай
Қой, ешкі,
6726
3
20178
Көрқияқ
жылқы
104
21
2184
Жапалақ
түйе
21
24
504
Тіленші
Қоғам елді мекені
6219
11495
+5276
Мүйізді ірі қара
194
15
2910
Ақши
Қой, ешкі,
739
3
2217
Шилі арал
жылқы
44
21
924
Ойыл маңы
түйе
7
24
168
Қоныстану елді мекені
5004
10434
+5430
Мүйізді ірі қара
158
15
2370
Орлықұдық
Қой, ешкі,
480
3
1440
Қарағай
жылқы
34
21
714
Керік
түйе
20
24
480
6
Жамбыл ауылдық округі
132426
30294
-102132
Қаракөл ауылы
112752
20294
-92458
Мүйізді ірі қара
2965
15
44475
Қой, ешкі,
6506
3
19518
жылқы
2035
21
42735
түйе
251
24
6024
Айдын елді мекені
19674
10000
-9674
Мүйізді ірі қара
237
15
3555
Қой, ешкі,
720
3
2160
жылқы
539
21
11319
түйе
110
24
2640
7
Қызылқоға ауылдық округі
25950
13287
-12663
Қарабау ауылы
25950
13287
-12663
Мүйізді ірі қара
714
15
10710
Қой, ешкі,
4131
3
12393
жылқы
123
21
2583
түйе
11
24
264
8
Тайсойған ауылдық округі
44913
17408
-27505
Тайсойған ауылы
44913
17408
Мүйізді ірі қара
1235
15
18525
Аққұдық, Биман,
Қой, ешкі,
4647
3
13941
Шыбынды,
жылқы
459
21
9639
Жетібай
түйе
117
24
2808
Шайған,
9
Сағыз ауылдық округі
116352
79197
-37155
Сағыз ауылы
90015
38949
-51066
Мүйізді ірі қара
2208
15
33120
Сарапан
Қой, ешкі,
10799
3
32397
Ақжар
жылқы
946
21
19866
Қызылсай
түйе
193
24
4632
Сарытоғай
Былқылдақты елді мекені
5859
14873
+9014
Мүйізді ірі қара
150
15
2250
Былқылдақты
Қой, ешкі,
767
3
2301
жылқы
52
21
1092
түйе
9
24
216
Қоңыраулы елді мекені
13725
12688
-1037
Мүйізді ірі қара
295
15
4425
Төбеқұдық
Қой, ешкі,
1073
3
3219
Қоңыраулы
жылқы
277
21
5817
түйе
11
24
264
Кенбай елді мекені
6753
12687
+5934
Мүйізді ірі қара
166
15
2490
Кенбай
Қой, ешкі,
976
3
2928
жылқы
51
21
1071
түйе
11
24
264
10
Мұқыр ауылдық округі
71301
122369
+51068
Мұқыр ауылы
43146
64764
+21618
Мүйізді ірі қара
1064
15
15960
Шөпті көл
Қой, ешкі,
4841
3
14523
Кемеркөл
жылқы
587
21
12327
түйе
14
24
336
Жамансор елді мекені
7656
5643
-2013
Мүйізді ірі қара
238
15
3570
Қой, ешкі,
1053
3
3159
жылқы
43
21
903
түйе
1
24
24
Жантерек елді мекені
7461
23656
+16195
Мүйізді ірі қара
250
15
3750
Кіші көл
Қой, ешкі,
397
3
1191
Қаракөлдеу
жылқы
120
21
2520
түйе
24
Кенбай елді мекені
4128
5643
+1515
Мүйізді ірі қара
83
15
1245
Қызылсай
Қой, ешкі,
471
3
1413
жылқы
62
21
1302
түйе
7
24
168
Тасқұдық елді мекені
5310
5643
+333
Мүйізді ірі қара
158
15
2370
Төртмола
Қой, ешкі,
450
3
1350
Тоқсанкөл
жылқы
62
21
1302
түйе
12
24
288
Соркөл елді мекені
2517
12646
+10129
Мүйізді ірі қара
55
15
825
Ит көмген
Қой, ешкі,
181
3
543
жылқы
49
21
1029
түйе
5
24
120
Сарқұмақ елді мекені
1083
4374
+3291
Мүйізді ірі қара
12
15
180
Сағыз бойы
Қой, ешкі,
168
3
504
жылқы
19
21
399
түйе
24
Барлығы аудан бойынша
688722
407136
-281586
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарға қажеттілік жоқ.