Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан, из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации по Иртышскому району на 2017 год

Қаулы · № 353/7 · қабылданған 30.11.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2017-ekb-108195/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан, из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации по Иртышскому району на 2017 год Күшін жойған Қаулы ·№ 353/7 ·30.11.2016
01.07.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан, из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации по Иртышскому району на 2017 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 353/7 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан, из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации по Иртышскому району на 2017 год
Атауы (қаз.)
2017 жылға Ертіс ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
353/7
Қабылданған күні
30.11.2016
Көрсетілген редакция
01.07.2017 108195_202620.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16PG005294
ЭКБ идентификаторы
108195
Редакция идентификаторы
108195_202620
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:07

0 2017 жылға Ертіс ауданы бойынша

ата-анасынан кәмелеттік жасқа
толғанға дейін айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған, білім беру ұйымдарының
түлектері болып табылатын жастар
қатарындағы азаматтарды, бас
бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды, пробация
қызметінің есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындары квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жұмыс орындары квотасы:

ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, Ертіс ауданы бойынша білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды Ертіс ауданының ұйымдарындағы жұмыскерлердің тізімдік санынан бір пайыз
мөлшерінде, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмысқа орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Ертіс ауданының ұйымдарындағы жұмыскерлердің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмысқа орналастыру үшін 2-қосымшаға сәйкес;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Ертіс ауданының ұйымдарындағы жұмыскерлердің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмысқа орналастыру үшін 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Ертіс ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата- анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасы

Ертіс ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «30» қарашадағы
№ 353/7 қаулысына 1-қосымша
Ертіс ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата- анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасы

Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің
тізімдік саны
(адам)
Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға арналған жұмыс орындарының саны
(бірлік)
1
«Абай» атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
195
1%
2
2
«Ертіс – комсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
52
1%
1
3
«Ертіс» тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
152
1%
2

5 Ертіс ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасы

Ертіс ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «30» қарашадағы
№ 353/7 қаулысына 2-қосымша
Ертіс ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасы

Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)
Квота мөлшері
(жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны
(бірлік)
1
«Абай» атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
195
1%
2
2
«Ертіс – комсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
52
1%
1
3
«Ертіс» тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
152
1%
2

6 Ертіс ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыс орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасы

Ертіс ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «30» қарашадағы
№ 353/7 қаулысына 3-қосымша
Ертіс ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыс орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасы

Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің
тізімдік саны
(адам)
Квота мөлшері
(жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны
(бірлік)
1
«Абай» атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
195
1%
2
2
«Ертіс – комсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
52
1%
1
3
«Ертіс» тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
152
1%
2

Қолданыстағы