Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2017 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2017 год
- Атауы (қаз.)
- Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2017 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 190
- Қабылданған күні
- 11.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2017 108797_302698.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1700000190
- ЭКБ идентификаторы
- 108797
- Редакция идентификаторы
- 108797_302698
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:26
0 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2017 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2017 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика, Инвестициялар және даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
2 2) кредиттік шарттардың негізгі және қосымша талаптарының орындалуын бақылауды;
3 3) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасының Энергетика, Инвестициялар және даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен сенім білдірілген өкілмен (агентпен) тапсырма шартын жасассын.
4 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары:
1 1) түпкі қарыз алушымен кредиттік шарттар жасассын;
2 2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика, Инвестициялар және даму министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика, Инвестициялар және даму министрліктеріне жүктелсін.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2017 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 11 сәуірдегі
№ 190 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2017 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары
1 1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредиттер беру үшін мынадай негізгі талаптар белгіленеді:
1 1) қарыз алушылардың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың 2017 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдерін ұсынуы;
2 2) «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында
224 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 48000000000 (қырық сегіз миллиард) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға жылдық 0,01%-дық сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге беріледі;