Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации в организациях Лебяжинского района на 2017 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации в организациях Лебяжинского района на 2017 год
- Атауы (қаз.)
- Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Лебяжі ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 307/12
- Қабылданған күні
- 28.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.06.2017 108954_192244.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PI005338
- ЭКБ идентификаторы
- 108954
- Редакция идентификаторы
- 108954_192244
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:34
0 Бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды және пробация
қызметінің есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға
Лебяжі ауданының ұйымдарында
жұмыс орындарының квотасын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 - бабының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес, Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Лебяжі ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы 1- қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Лебяжі ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы 2- қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Лебяжі ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы
Лебяжі ауданы әкімдігінің
2 2016 жылғы «28» желтоқсандағы
№ 307/12 қаулысына 1-қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Лебяжі ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы
№
р/с
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны,
адам
Квотаның көлемі (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны, бірлік
1.
Лебяжі аудан әкімдігінің Лебяжі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Аққу-Сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
15
7%
1
6 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Лебяжі ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы
Лебяжі ауданы әкімдігінің
2 2016 жылғы «28» желтоқсандағы
№ 307/12 қаулысына 2-қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Лебяжі ауданының ұйымдарында жұмыс
орындарының квотасы
№
р/с
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны,
адам
Квотаның көлемі (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны, бірлік
1.
Лебяжі аудан әкімдігінің Лебяжі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Аққу-Сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
15
7%
1