Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации в организациях Качирского района на 2017 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации в организациях Качирского района на 2017 год
- Атауы (қаз.)
- Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Качир ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 10.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 04.07.2017 109286_259864.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17PH005350
- ЭКБ идентификаторы
- 109286
- Редакция идентификаторы
- 109286_259864
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:27
0 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Качир ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес, Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жұмыс орындарының квотасы:
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Качир ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы жұмыскерлердің тізімдік санынан екі пайыз мөлшерінде 1-қосымшаға сәйкес;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Качир ауданының ұйымдарында жұмыскерлердің тізімдік санынан екі пайыз мөлшерінде 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Качир ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Качир ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы
Качир ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «10» қаңтардағы
№ 4 қаулысына 1-қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Качир ауданының ұйымдарында
жұмыс орындарының квотасы
р/с №
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Үлес мөлшері (жұмыскерлердің
тізімдік
санынан %)
Бас бостандығынан айыру босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
2
3
4
5
1
«Максим-Горький орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме» мемлекеттік мекемесі
78
2
1
2
Качир ауданы әкімдігінің «Бастау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
63
2
1
3
Качир ауданы әкімдігінің «Өркендеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
56
2
1
5 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Качир ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы
Качир ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «10» қаңтардағы
№ 4 қаулысына 2-қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Качир ауданының ұйымдарында
жұмыс орындарының квотасы
р/с №
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Үлес мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік
санынан %)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға
арналған жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
2
3
4
5
1
«Максим-Горький орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме» мемлекеттік мекемесі
78
2
1
2
Качир ауданы әкімдігінің «Бастау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
63
2
1
3
Качир ауданы әкімдігінің «Өркендеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
56
2
1