Об утверждении объема квоты на беспошлинный ввоз тростникового сахара-сырца на территорию Республики Казахстан на 2017 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объема квоты на беспошлинный ввоз тростникового сахара-сырца на территорию Республики Казахстан на 2017 год
- Атауы (қаз.)
- 2017 жылға арналған Қазақстан Республикасының аумағына шикі құрақ қантын бажсыз әкелуге арналған квота көлемін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 498
- Қабылданған күні
- 06.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2016 109341_145512.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014689
- ЭКБ идентификаторы
- 109341
- Редакция идентификаторы
- 109341_145512
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:02
0 2017 жылға арналған
Қазақстан Республикасының аумағына
шикі құрақ қантын бажсыз әкелуге
арналған квота көлемін бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2) тармақшасына және «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. 2017 жылы 405 000 тонна көлеміндегі дәмдік-хош иістік немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантын (бұдан әрі – шикі қант) (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кедендік баждар төлемей ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қазақша және орысша тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберілуін;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов
2016 жылғы «___» ___________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2016 жылғы «___»___________