Құжат мәтініне өту

Об организации и проведении приписки граждан к призывному участку в январе-марте 2017 года

Өзге акт · № 01-р · қабылданған 06.01.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2017-ekb-109374/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об организации и проведении приписки граждан к призывному участку в январе-марте 2017 года Қолданыста Өзге акт ·№ 01-р ·06.01.2017
06.01.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и проведении приписки граждан к призывному участку в январе-марте 2017 года

Қолданыста Өзге акт ·№ 01-р · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и проведении приписки граждан к призывному участку в январе-марте 2017 года
Атауы (қаз.)
2017 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
01-р
Қабылданған күні
06.01.2017
Көрсетілген редакция
06.01.2017 109374_148778.kaz
Соңғы өзгеріс
06.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17KD004116
ЭКБ идентификаторы
109374
Редакция идентификаторы
109374_148778
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:28

0 2017 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында, Балқаш қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. 2017 жылдың қаңтар-наурыз аралығында, тіркеуге тұратын жылы 17 жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын.

2

2. Гүлшат және Саяқ кенттерінің әкімдері, ұйымдардың, оқу орындарының басшылары, пәтерлер меншік иелері кооперативтері «Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларының 1 қосымшасына сәйкес 2000 жылы туған азаматтардың тізімін шақыру учаскесіне тіркеуден өту үшін беру ұсынылсын.

3 3. Білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың басшыларына әскерге шақыру жасына дейінгілердің медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде медициналық куәландыруды өту және құжаттарды жинау үшін жұмыстан, оқудан босату ұсынылсын.

4 4. «Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі (Н.У. Аманжолов) 2017 жылдың 15 сәуіріне дейін қала әкіміне 2000 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу қортындысы жөнінде ақпарат берсін.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі орынбасары Саягуль Жаксылыковна Жаксылыковаға жүктелсін.

6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
«Қарағанды облысы Балқаш
қалалық қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімі» республикалық
мемлекеттік мекемесінің бастығы
«06» қаңтар 2017 жыл
_________________Н.У. Аманжолов

Қолданыстағы