О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2017 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2017 году
- Атауы (қаз.)
- 2017 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 686
- Қабылданған күні
- 17.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 17.01.2017 109381_158278.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17L0005706
- ЭКБ идентификаторы
- 109381
- Редакция идентификаторы
- 109381_158278
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:25
0 2017 жылы өткізілетін бірыңғай
мемлекеттік сатып алулардың
кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасыдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылдың 4 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.
2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.
3 3. «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
6 Қызылорда облысы әкімдігінің
2017 жылғы «17» қаңтар №686
қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді
мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы
орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін кызметтер
№ р/р
Атауы
Тауарлар:
1.
жиһаздарды сатып алу (оларды алуға бөлінген сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген бес мыңнан он мыңға дейінгі еселенген айлық есептік көрсеткіште болған жағдайда)
Жұмыстар:
2.
қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік нысандарының құрылысы
Көрсетілетін қызметтер:
3.
инвестициялық форум