О предоставлении в 2017 году мер социальной поддержки в виде подъемного пособия и бюджетного кредита для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жанааркинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении в 2017 году мер социальной поддержки в виде подъемного пособия и бюджетного кредита для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жанааркинского района
- Атауы (қаз.)
- Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2017 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8/69
- Қабылданған күні
- 21.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2016 109399_149478.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16KL004102
- ЭКБ идентификаторы
- 109399
- Редакция идентификаторы
- 109399_149478
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:48
0 Жаңаарқа ауданының
ауылдық елді мекендеріне
жұмыс істеу және тұру үшін
келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарға
2017 жылы көтерме жәрдемақы және
тұрғын үй сатып алуға немесе салуға
бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2017 жылы өтініш берген сәтіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін өтініш берген сәтіне, маманмен мәлімделген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада, бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.