Об установлении квоты на 2017 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты на 2017 год
- Атауы (қаз.)
- 2017 жылға квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 246
- Қабылданған күні
- 27.12.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 20.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2016 109541_153055.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16GI003296
- ЭКБ идентификаторы
- 109541
- Редакция идентификаторы
- 109541_153055
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:34
0 2017 жылға квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және 2 қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Омарбек Берген Жақатайұлына жүктелсiн.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы
Сарысу аудандық орталық ауруханасы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының
бас дәрігері
__________________Ж.Кодеков
5 қаңтар 2017 жыл
4 Сарысу ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 27 желтоқсандағы
№246 қаулысына 1 қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
№
Ұйымның
атауы
Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны
(адам)
Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы)
Бөлінген квота саны
(адам)
1
«Сарысу ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жаңатас-Су-Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
184
2 %
3
2
«Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
153
2 %
3
5 Сарысу ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 27 желтоқсандағы
№246 қаулысына 2 қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
№
Ұйымның
атауы
Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны
(адам)
Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы)
Бөлінген квота саны
(адам)
1
«ЕвроХим-Тыңайтқыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
234
1 %
2
2
«Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені
1570
0,5 %
7
3
«Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Балалар-жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
77
2 %
1
4
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
705
0,3 %
2