Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2017 год

Қаулы · № 36 · қабылданған 10.02.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2017-ekb-109863/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2017 год Қолданыста Қаулы ·№ 36 ·10.02.2017
10.02.2017 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2017 год

Қолданыста Қаулы ·№ 36 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2017 год
Атауы (қаз.)
2017 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
36
Қабылданған күні
10.02.2017
Қолданысқа енгізілген күні
07.03.2017
Көрсетілген редакция
10.02.2017 109863_158649.kaz
Соңғы өзгеріс
10.02.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17GH003315
ЭКБ идентификаторы
109863
Редакция идентификаторы
109863_158649
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:12

0 2017 жылға бас бостандығынан

айыру орындарынан босатылған
адамдарды, пробация қызметінің
есебінде тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабы 7), 8) тармақшаларына, 27 бабы 1 тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Т.Рысқұлов ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда 2017 жылғабас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды,пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар 1, 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.

2

2. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дайрабаев Берік Тынышбекұлына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің

2017 жылғы 10 ақпандағы
№ 36 қаулысына 1-қосымша
2017 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы
Жыл басындағы қызметкерлер саны (адам)
Белгіленген квота мөлшері
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар
Жұмыскер-лердің тізімдік санынан%
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1.
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Құлан-Тазалық» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
46
2%
1
2.
«Шаушен» шаруа қожалығы
127
1%
1
Барлығы:
173
2

6 Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің

2017 жылғы 10 ақпандағы
№ 36 қаулысына 2-қосымша
2017 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы
Жыл басындағы қызметкерлер саны (адам)
Белгіленген квота мөлшері
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар
Жұмыскер-лердің тізімдік санынан%
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1.
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны» филиалы
242
1%
2
2.
«Шаушен» шаруа қожалығы
127
1%
1
Барлығы:
369
3

Қолданыстағы