О предоставлении в 2017 году подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение или стройтельства жилья специалистам в области здравоохранения, образания, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Казыгуртского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении в 2017 году подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение или стройтельства жилья специалистам в области здравоохранения, образания, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Казыгуртского района
- Атауы (қаз.)
- Қазығұрт ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2017 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13/76-VI
- Қабылданған күні
- 07.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2017 110047_161434.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17UF003978
- ЭКБ идентификаторы
- 110047
- Редакция идентификаторы
- 110047_161434
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:15
0 Қазығұрт ауданының ауылдық
елді мекендеріне жұмыс істеу және
тұру үшін келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарға 2017 жылы
көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып
алу немесе салу үшін бюджеттік
кредит беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу үшін және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 4 тармағына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9946 тіркелген және аудан әкімінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы №319 мәлімдемесіне сәйкес, Қазығұрт аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қазығұрт ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға қажеттілікті ескере отырып, 2017 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит берілсін.