Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц освобожденных из мест лишения свободы и лиц состоящих, на учете службы пробации на 2017 год

Қаулы · № 50 · қабылданған 20.02.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2017-ekb-110118/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц освобожденных из мест лишения свободы и лиц состоящих, на учете службы пробации на 2017 год Күшін жойған Қаулы ·№ 50 ·20.02.2017
01.11.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц освобожденных из мест лишения свободы и лиц состоящих, на учете службы пробации на 2017 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 50 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц освобожденных из мест лишения свободы и лиц состоящих, на учете службы пробации на 2017 год
Атауы (қаз.)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебіндегі адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2017 жылға арналған квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
50
Қабылданған күні
20.02.2017
Көрсетілген редакция
01.11.2017 110118_254222.kaz
Соңғы өзгеріс
01.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17SF004080
ЭКБ идентификаторы
110118
Редакция идентификаторы
110118_254222
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:08

0 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебіндегі адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының

2017 жылға арналған квотасын белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабы 7), 8) тармақшаларына, 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азамттарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және даму министірлігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген), бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдастыру-құқықтық түріне және меншік түріне тәуелсіз, 2017 жылға арналған Есіл ауданы ұйымдары жұмысшыларының тізім санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындары квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдастыру-құқықтық түріне және меншік түріне тәуелсіз, 2017 жылға арналған Есіл ауданы ұйымдары жұмысшыларының тізім санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындары квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «20» ақпандағы
№ 50 қаулысына
1 қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар ішінен азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленген ұйымдардың тізімі
Ұйым атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
«Агрохимснаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
60
1%
1

6 Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «20» ақпандағы
№ 50 қаулысына
2 қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар ішінен азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленген ұйымдардың тізімі
Ұйым атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
«Малвенова Е.В.»
жеке кәсіпкер
3
1%
1

Қолданыстағы