Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы на 2017 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы на 2017 год
- Атауы (қаз.)
- 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13
- Қабылданған күні
- 02.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 15.02.2018 110136_300372.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ZM004696
- ЭКБ идентификаторы
- 110136
- Редакция идентификаторы
- 110136_300372
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:18
0 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қосымшаға сәйкес 2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерi бекiтiлсiн.
2
2. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 21 «2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4297 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3
3. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік–құқықтық жұмыстар бөлімі басшысы (А. Нурушев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Е.Каюповқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Шыңғырлау ауданы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы «2» ақпандағы №13
қаулысына қосымша
2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын,
жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№
Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының әкiмшiлiк - аумақтық орналасуы
Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдары
Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (теңге)
Мектепке дейiнгi ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бiр айдағы мөлшері (теңге)
Мектепке дейiнгi ұйымдар ата-ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге)
3 жасқа дейін (көп емес)
3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес)
Бөбекжай (жергiлiктi бюджет)
1.
Шыңғырлау ауылы
Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің «Айгөлек бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
52
28329
28329
5500
6500
2.
Тасмола ауылы
Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің «Балауса бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
40
28998
28998
5500
6500
3.
Белогор ауылы
Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің «Қарлығаш бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
25
41866
41866
5500
6500
4.
Шыңғырлау ауылы
Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің «Бөбек бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
60
26920
26920
5500
6500
5.
Лубен ауылы
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің «Арай» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
40
26287
26287
5500
6500
6.
Шыңғырлау ауылы
Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің «Қызғалдақ бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
40
35888
35888
5500
6500
7.
Шыңғырлау ауылы
Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің «Балдырған бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
25
49223
49223
5500
6500
Бөбекжай (республикалық бюджет)
8.
Шыңғырлау ауылы
Шыңғырлау ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің «Болашақ бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
290
19261
19261
5500
6500
Балабақша (жергiлiктi бюджет)
9.
Шыңғырлау ауылы
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының «Шыңғырлау аудандық Шұғыла» балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
42
36340
36340
5500
6500