Құжат мәтініне өту

Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на содействие развитию предпринимательства в областных центрах, городах Астаны и Алматы, Туркестан, Семей и моногородах на 2017 год

Қаулы · № 145 · қабылданған 31.03.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2017-ekb-110159/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на содействие развитию предпринимательства в областных центрах, городах Астаны и Алматы, Туркестан, Семей и моногородах на 2017 год Қолданыста Қаулы ·№ 145 ·31.03.2017
31.03.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на содействие развитию предпринимательства в областных центрах, городах Астаны и Алматы, Туркестан, Семей и моногородах на 2017 год

Қолданыста Қаулы ·№ 145 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на содействие развитию предпринимательства в областных центрах, городах Астаны и Алматы, Туркестан, Семей и моногородах на 2017 год
Атауы (қаз.)
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2017 жылға кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
145
Қабылданған күні
31.03.2017
Көрсетілген редакция
31.03.2017 110159_311194.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G15DB50212M
ЭКБ идентификаторы
110159
Редакция идентификаторы
110159_311194
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:31

0 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2017 жылға кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2017 жылға кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.

2 2. Тиісті мәслихаттар 2017 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;

2 2) бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4 4. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.

5

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2017 жылға кредит беруге бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілуін мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2017 жылға кредит берудің негізгі шарттары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 31 наурыздағы
№ 145 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2017 жылға кредит берудің негізгі шарттары

1 1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

1 1) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге

2017 жылға кредит беру үшін «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысында көзделген 3000000000 (үш миллиард) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға 7 (жеті) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;

2 2) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан қаражат аударылған кезден бастап есептеледі және 2019 жылғы 31 шілдеде аяқталады.

2 2. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Қолданыстағы