О некоторых вопрасах проведения единых государственных закупок в 2017 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопрасах проведения единых государственных закупок в 2017 году
- Атауы (қаз.)
- 2017 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 140
- Қабылданған күні
- 06.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2017 110431_165773.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17LG005754
- ЭКБ идентификаторы
- 110431
- Редакция идентификаторы
- 110431_165773
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:16
0 2017 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тапсырыс берушілер үшін «Жаңақорған аудандық тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.
2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.
3 3. «Жаңақорған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 06 ақпандағы
№140 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
№
Атауы
Тауарлар:
1.
ұйымдастыру техникасын сатып алу (оларды сатып алуға бөлінген сомада тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген төрт мыңнан он мыңға дейінгі еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болған жағдайда)
Жұмыстар:
2.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы
Көрсетілетін қызметтер:
3.
лицензияланған бағдарламалық өнімді техникалық қолдау (оларды сатып алуға бөлінген сомада тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген төрт мыңнан он мыңға дейінгі еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болған жағдайда)