О предоставлении в 2017 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Мамлютского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении в 2017 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Мамлютского района
- Атауы (қаз.)
- 2017 жылы Мамлют ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдау ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- vexp
- Нөмірі
- 13/7
- Қабылданған күні
- 06.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2017 110854_169966.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17SJ004115
- ЭКБ идентификаторы
- 110854
- Редакция идентификаторы
- 110854_169966
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:52
0 2017 жылы Мамлют ауданының ауылдық
елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру
үшін келген денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе
салу үшін көтерме жәрдемақы мен
әлеуметтік қолдау ұсыну туралы
«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабы 8 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Мамлют ауданының әкімі мәлімдеген қажеттілікті ескере отырып, 2017 жылы Мамлют ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ұсынылсын:
1 1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау.
2 2. Осы шешімнің 1 тармағының күші ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ветеринарлық пункттерінің ветеринарлық мамандарына қолданылады.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының экономика және қаржы
бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнің басшысы
2017 жыл 6 наурыз
А. Биктимиров