Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы на 2017 год по Жанибекскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы на 2017 год по Жанибекскому району
- Атауы (қаз.)
- Жәнібек ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата - ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37
- Қабылданған күні
- 10.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2019 111400_408930.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ZF004778
- ЭКБ идентификаторы
- 111400
- Редакция идентификаторы
- 111400_408930
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:49
0 Жәнібек ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата - ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Жәнібек ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата - ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2
2. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі «2016 жылға Жәнібек ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» №70 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4427 тіркелген,
2016 жылғы 3 маусымда «Шұғыла» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (Ж.Абдолов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Меңешовке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 2017 жылғы 10 наурыздағы
№37 аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша
Жәнібек ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы
қаржыландыру және ата – ананың ақы төлеу мөлшері
№
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік – аумақтық орналасуы
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Ай сайын тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдар ата – ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге)
3 жасқа дейін (көп емес)
3 жастан 7 жасқа дейін (көп емес)
Балабақшалар (жергілікті бюджет)
1
Жасқайрат ауылы
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Ақбота» балабақшасы
37
36103
36103
3100
3264
2
Борсы ауылы
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Балапан» балабақшасы
25
48960
48960
3100
3264
3
Ақоба ауылы
Балабақша «Балауса» аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
40
32271
32271
3100
3264
4
Қамысты ауылы
Балабақша «Балбұлақ» Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
35
43700
43700
3100
3264
5
Жәнібек ауылы
Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «Балдәурен» сәби – балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
100
33183
33183
4152
4334
6
Тау ауылы
Балабақша «Қайрат» Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
38
40965
40965
3100
3264
7
Ұзынкөл ауылы
Балабақша «Ұзынкөл» Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
40
36523
36523
3100
3264
8
Жәнібек ауылы
Жәнібек ауданының білім беру бөлімінің «Жәнібек балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
75
33555
33555
4152
4334
Мектеп жанындағы толық күндік балабақша (жергілікті бюджет)
1
Жақсыбай ауылы
Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «М.Б. Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп – балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
30
24108
24108
3100
3264
2
Талов ауылы
Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «Ғ.Сарбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп- балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
20
21548
21548
3100
3264
Ұлттық фонд
1
Жәнібек ауылы
Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «Алтын ұя» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
290
19354
19354
4800
5000