Құжат мәтініне өту

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2017 год

Бұйрық · № 115 · қабылданған 14.03.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2017-ekb-111619/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2017 год Қолданыста Бұйрық ·№ 115 ·14.03.2017
14.03.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2017 год

Қолданыста Бұйрық ·№ 115 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2017 год
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
115
Қабылданған күні
14.03.2017
Көрсетілген редакция
14.03.2017 111619_179657.kaz
Соңғы өзгеріс
14.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015025
ЭКБ идентификаторы
111619
Редакция идентификаторы
111619_179657
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:46

0 Қазақстан Республикасы

Президентінің 2017 жылға
арналған стипендиясын
бөлу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы №1134 қаулысының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылға арналған стипендиясын министрліктер мен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының арасында бөлу бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Д.Ж. Ахмед-Заки) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылға арналған стипендиясын министрліктер мен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының арасында бөлу

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 14 наурыздағы
№ 115 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылға арналған стипендиясын министрліктер мен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының арасында бөлу

Мемлекеттік орган, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы
Стипендия
студенттерге
магистранттарға
1.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
919
7
2.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
11
-
3.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
95
1
4.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
53
-
5.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
1
-
6.
Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы
1
-
БАРЛЫҒЫ
1080
8

Қолданыстағы