Об утверждении перечня социально - значимых убыточных маршрутов, подлежащих субсидированию по городу Уральск на 2017 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня социально - значимых убыточных маршрутов, подлежащих субсидированию по городу Уральск на 2017 год
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласы бойынша 2017 жылға субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1061
- Қабылданған күні
- 12.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 12.07.2018 112042_338652.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ZA004786
- ЭКБ идентификаторы
- 112042
- Редакция идентификаторы
- 112042_338652
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:25
0 Орал қаласы бойынша 2017 жылға
субсидиялауға жататын әлеуметтік
маңызы бар шығынды маршруттар
тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 24 ақпандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының № 154 бұйрығын (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 24 шілдедегі №11763 болып тіркелген) басшылыққа алып және әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2017 жылға субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі бекітілсін.
2
2. Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 маусымдағы №1880 «Орал қаласы бойынша 2016 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4489 тіркелген, 2016 жылғы 28 шілдедегі «Жайық үні-Жизнь города» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3
3. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қ.Мұхамбетқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарына оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Закаринге жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Орал қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «12» сәуірдегі
№1061 қаулысына
қосымша
Орал қаласы бойынша 2017 жылға субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі
№
Маршруттардың атауы
1
Орал қаласы - «Учужный затон» бау-бақша серіктестігі
2
Орал қаласы - «Барбастау» бау-бақша серіктестігі