Құжат мәтініне өту

Об определении мер социальной поддержки на 2017 год специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Семей

Өзге акт · № 13/91-VI · қабылданған 06.04.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2017-ekb-112103/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об определении мер социальной поддержки на 2017 год специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Семей Қолданыста Өзге акт ·№ 13/91-VI ·06.04.2017
06.04.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мер социальной поддержки на 2017 год специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Семей

Қолданыста Өзге акт ·№ 13/91-VI · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мер социальной поддержки на 2017 год специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Семей
Атауы (қаз.)
Семей қаласының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2017 жылға арналған әлеуметтiк қолдау шараларын айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
13/91-VI
Қабылданған күні
06.04.2017
Көрсетілген редакция
06.04.2017 112103_182021.kaz
Соңғы өзгеріс
06.04.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17VB005011
ЭКБ идентификаторы
112103
Редакция идентификаторы
112103_182021
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:28

0 Семей қаласының ауылдық елдi

мекендеріне жұмыс iстеу және
тұру үшiн келген денсаулық сақтау,
бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарға
2017 жылға арналған әлеуметтiк
қолдау шараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, 18–бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 4-тармағына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9946 болып тіркелген) сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТI:

1 1. Семей қаласының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға мынадай әлеуметтiк қолдау шаралары ұсынылсын:

жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;
тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтік қолдау - бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит.

2

2. 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 2/18-VІ «Семей қаласының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылға арналған әлеуметтiк қолдау шараларын айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4522 болып тіркелген, «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 90 нөмірлерінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы