Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по видам продукции растениеводства, подлежащих обязательному страхованию в растениеводстве на 2017 год по Зеленовскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по видам продукции растениеводства, подлежащих обязательному страхованию в растениеводстве на 2017 год по Зеленовскому району
- Атауы (қаз.)
- Зеленов ауданы бойынша 2017 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 252
- Қабылданған күні
- 04.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 23.04.2018 112222_316024.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ZG004792
- ЭКБ идентификаторы
- 112222
- Редакция идентификаторы
- 112222_316024
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:11
0 Зеленов ауданы бойынша 2017 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы «Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» Заңына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қосымшаға сәйкес Зеленов ауданы бойынша 2017 жылғы өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсiн.
2
2. Зеленов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 244 «Зеленов ауданы бойынша 2016 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4338 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 мамырдағы «Сатып Алу Ақпарат» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4 4. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М.Д.Залмұқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р.Шауеновке жүктелсiн.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 2017 жылғы 4 мамырдағы №252 Зеленов ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша
Зеленов ауданы бойынша 2017 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
№
Өсімдік шаруашылығының өнімдерінің түрлері
Оңтайлы мерзімдері
3 құрғақ дала аймағы
басталуы
аяқталуы
1
Жаздық арпа
2017 жылғы 5 мамыр
2017 жылғы 15 мамыр
2
Сұлы
2017 жылғы 5 мамыр
2017 жылғы 15 мамыр
3
Жаздық бидай
2017 жылғы 10 мамыр
2017 жылғы 25 мамыр
4
Күнбағыс
2017 жылғы 5 мамыр
2017 жылғы 25 мамыр
5
Тары
2017 жылғы 20 мамыр
2017 жылғы 1 маусым
6
Күздік бидай
2017 жылғы 15 тамыз
2017 жылғы 10 қыркүйек
7
Мақсары
2017 жылғы 10 мамыр
2017 жылғы 25 мамыр