Құжат мәтініне өту

Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на 2017 год

Қаулы · № 102 · қабылданған 04.05.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2017-ekb-112312/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на 2017 год Күшін жойған Қаулы ·№ 102 ·04.05.2017
24.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на 2017 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 102 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на 2017 год
Атауы (қаз.)
2017 жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
102
Қабылданған күні
04.05.2017
Көрсетілген редакция
24.04.2018 112312_318574.kaz
Соңғы өзгеріс
24.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17ZK004802
ЭКБ идентификаторы
112312
Редакция идентификаторы
112312_318574
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:11

0 2017 жылғы егіс жұмыстарының

басталуы мен аяқталуының оңтайлы
мерзімдерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан аумағында 2017 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (М. Мырзаш) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Тасқала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 89 «2016 жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 4363 тіркелген, 2016 жылғы 29 сәуірде «Екпін» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сафималиевке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Тасқала аудан әкімдігінің

2017 жылғы 4 мамырдағы
№102 каулысына қосымша
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан аумағында 2017 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Дақылдардың түрлері
Оңтайлы егу мерзімдері
басталуы
аяқталуы
Құрғақ далалық аймақ
1
Жаздық бидай
16 мамыр
10 маусым
2
Жаздық арпа
16 мамыр
1 маусым
3
Тары
20 мамыр
10 маусым
4
Күнбағыс
20 мамыр
10 маусым
5
Күздік бидай
10 тамыз
10 қыркүйек

Қолданыстағы