Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на 2017 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на 2017 год
- Атауы (қаз.)
- 2017 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 207
- Қабылданған күні
- 18.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 09.10.2018 112397_359901.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17D0004218
- ЭКБ идентификаторы
- 112397
- Редакция идентификаторы
- 112397_359901
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:04
0 2017 жылға арналған басым ауыл
шаруашылығы дақылдарының
тізбесін және субсидиялар
нормаларын бекіту туралы
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 3-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
2016 жылға арналған Алматы облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес;
2016 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2
2. Алматы облысы әкімдігінің «2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 шілдедегі № 395 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3905 тіркелген және 2016 жылдың 28 шілдесінде «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Алматы облысы әкімдігінің
2017 жылғы «18» мамырдағы № 207
қаулысымен бекітілген 1-қосымша
Алматы облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі
№ р/с
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
1
Күріш
2
Майбұршақ
3
Мақсары
4
Күнбағыс
5
Қант қызылшасы
6
Қорғалған топырақтағы көкөністер
7
Біржылдық шөптер
8
Егістікте және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін биылғы жылдың көктемнің немесе өткен жылғы күздің егіс науқанында себілген көп жылдық шөптер
9
Сүрлемдік жүгері және күнбағыс
6 Алматы облысы әкімдігінің
2017 жылғы «18» мамырдағы № 207
қаулысымен бекітілген 2-қосымша
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
№
р/с
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
1 гектарға арналған
бюджеттік субсидиялар нормалары, теңге
1 тоннаға арналған бюджеттік субсидияның нормасы, теңге
1
Күріш
12000
2
Майбұршақ
4000
3
Мақсары
4000
4
Күнбағыс
4000
5
Қант қызылшасы
9000
6
Біржылдық шөптер
2500
7
Егістікте және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін биылғы жылдың көктемнің немесе өткен жылғы күздің егіс науқанында себілген көп жылдық шөптер
2500
8
Сүрлемдік жүгері және күнбағыс
2500
9
Өнеркәсіп жылыжай кешенінде өсірілген қорғалған топырақтағы көкөністер
(1 дақыл айналымы)
3800000
10
Фермерлік жылыжайда өсірілген қорғалған топырақтағы көкөністер
(1дақыл айналымы)
1900000